Теңіз деңгейінен 1700 метр биіктікте орналасқан Аюсай шатқалындағы визит-орталықта ATP 250 Almaty Open турнирі негізгі кезеңінің ресми жеребе тарту рәсімі өтті, деп хабарлады Қазақстанның теннис федерациясы.
ATP 250 логотипі бар асықтардың және қазақстандық Тимофей Скатов пен венгриялық Фабиан Марожонның көмегімен тартылған жеребені қорытындысы былай болды: жарыстың бірінші ракеткасы, америкалық теннисші Фрэнсис Тиафо бірінші айналымда ойнамайды, ол бұл турнирді бірден екінші айналымнан бастайды. Тимофей Скатов бірден чехиялық Томаш Махачпен сынға түседі, ал Александр Шевченко мен Бейбіт Жұқаевпен іріктеудің жеңімпаздары ойнайды.
Оқи отырыңыз: ATP 250 Almaty Open турнирінің ұйымдастырушылары алғашқы ресми іс-шара өткізді
Ресми бөлім аяқталғаннан кейін Тимофей мен Фабиан теннис ойнады. Одан кейін жеребеге қатысушылар осы ауданның ең көрікті жерлерінің бірі – сарқырамаға барды.
Жеребе нәтижесі төмендегідей болды:
Beeline Janymda. Қазақстанда ең кең таралған мобильді интернет.