Тікелей эфир

Астананың 7 көшесінде Bus lane енгізіледі

Bus lane жалпы ұзындығы – 58,6 шақырым.

Астананың 7 көшесінде жалпы ұзындығы 58,6 шақырым Bus Lane қоғамдық көлігі үшін бөлінген жолақтарды енгізу жоспарланып отыр, деп хабарлады "City Transportation systems" ЖШС.

Алдағы уақытта арнайы жолақтар Мәңгілік ел даңғылы, Тұран даңғылы, Тәуелсіздік даңғылы, Керей Жәнібек хандар көшесі, Ұлы Дала даңғылы, Рақымжан Қошқарбаев даңғылы, Шыңғыс Айтматов көшесінде болады.

Жолақтар мамырдың соңында енгізіле бастайды.

"Бұл қоғамдық көліктің жүру уақытын 6 минутқа қысқартады. Мәселен, 18 минуттан 12 минутқа дейін. Сондай-ақ, автобустардың қозғалыс жылдамдығын 16 км/сағ-тан 19 км/сағ-қа дейін арттыруға ықпал етеді", – делінген City Transportation systems хабарламасында.


Оқи отырыңыз: Астанада қоғамдық көлікте жолақы төлеудің тағы бір әдісі пайда болды


Bus Lane жобасы алғаш рет Астана қаласында 2015 жылы 26 шілдеде екі учаскеде пилоттық режимде енгізілді: Момышұлы даңғылы, Абылай хан даңғылынан Сарайшық көшесін дейін және Бөгенбай батыр даңғылы, Уәлиханов көшесінен Сарыарқа даңғылына дейінгі аралықта.

Қазір қалада автобустар үшін жолақтардың жалпы ұзындығы 100,5 км құрайды және 27 жол бөлігінде енгізілген.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары