Тікелей эфир

Астаналық дәрігерлер алғаш рет робот-ассистенттің көмегімен 5 науқасқа ота жасады

Бүгінгі таңда тізе мен жамбас буындарын ауыстыру операциялары халық арасында үлкен сұранысқа ие.

Астанада Академик Н.Ж. Батпенов атындағы ҰҒТО дәрігерлері робот-ассистенттің көмегімен бес науқасқа ерекше ота жасады. Оларға МӘМС аясында құны 2 000 000 теңгеге жуық ота  жасалды. Бұл туралы Астана қалаының әкімдігі хабарлады.

Жыл сайын медициналық сақтандыру қаражаты есебінен халыққа травматология, кардиохирургия, нейрохирургия, урология, онкология және т.б. бойынша жүздеген қымбат операция жасалады.

Астанада академик Н.Ж. Батпенов атындағы травматология және ортопедия ғылыми орталығында 5 науқасқа роботпен тізе ауыстыру бойынша күрделі ота жасалды.


Оқи отырыңыз: "2-ақ сағат уақыт бар": Алматыда дәрігерлер тұңғыш рет жүрек ауыстыру отасын жасады


Эндопротездеудің идеясы – адамның зақымдалған буынын жасанды имплантпен алмастыру. Зақымдалған аймақтың 3D сканерлеуінің арқасында робот көмекшісі пациенттердің буынына барлық параметрлерді математикалық тұрғыдан мінсіз есептей отырып имплант қоюға мүмкіндік берді. Операциялар IT мамандарының қатысуымен компьютерлік навигация арқылы жасалды.

"Жақында бізде робот-ассистенттің көмегімен тізе буынын толық эндопротездеу бойынша операциялар жасалды. Робот – бұл біздің қай жерде екенімізді көріп қана қоймай, бір миллиметрге дейін, бір градусқа дейін құралдың орнын реттей алатын ақылды құрал, ал адам дәл ол сияқты тұп-тура көре алмайды. Нәтижесі жаман емес. Науқастар өздерін жақсы сезінеді. Олар балдақтың көмегімен жүре алады. Отаға дейін олардың қозғалуы қиын болатын. Қазір отадан кейін оларға еш шектеу жоқ, буындары бүгіліп, толық қозғалыса алады. Тізе буынын эндопротездеу шамамен 2 млн теңгені құрайды, оған импланттар, ота, күніне төсек-орын, анестезия, қажеттілік бойынша барлық тексерулер мен емдеу кіреді. Барлық операциялар МӘМС жүйесінде науқастарға тегін жүргізілді", – деді Н.Ж. Батпенов атындағы ҰҒТО бөлімшесінің №7 травматолог-ортопед дәрігері Жұмахан Сләмов.

Қазіргі уақытта пациенттер оңалтудың 1 кезеңінен өтіп жатыр. Бір жарым айдан кейін олар орталықта қайта оңалтудан немесе тұрғылықты жері бойынша оңалтудың келесі кезеңдерінен өтуі мүмкін.
Оңалту құны – 380 мың теңге, ота құны – шамамен 2 миллион теңге. Науқастарға арналған оталар да, оңалту іс-шаралары да МӘМС жүйесінде жүргізіледі.


Оқи отырыңыз: Алматылық хирургтер іштей кемістікпен туған бір жасар балаға күрделі ота жасады


Еске салсақ, 2023 жылдың басынан бастап Астана дәрігерлері 35,2 млн теңге сомасына тізе мен жамбас буындарын ауыстыру бойынша оталар жасады.

Серіктестер жаңалықтары