USD: 487.7 / 490.7
  • EUR: 565.5 / 570.5
  • RUB: 6.41 / 6.53
Тікелей эфир
Алматы +25C
Все города

Астанадағы LRT-ға "Тарлан Астана" атауы берілуі мүмкін

Фото: Informburo.kz
Фото: Informburo.kz
Ұсыныс республикалық комиссияға жолданды.

Астанадағы жеңіл рельсті көлік жүйесінің (LRT) атауын өзгерту мәселесі мәслихаттың кезектен тыс сессиясында талқыланды. Нәтижесінде жобаға "Тарлан Астана" атауын беру ұсынысы қолдау тапты. Бұл туралы Тілдерді дамыту және мұрағат ісі басқармасы басшысының міндетін атқарушы Досжан Исабек мәлімдеді.

Оның айтуынша, қоғамдық ұйымдар тарапынан LRT жүйесіне атау беру бойынша бірнеше ұсыныс түскен. Қалалық ономастика комиссиясының отырысында "Сұңқар", "Лашын", "Құлан", "Аспан", "Тарлан" және басқа да нұсқалар қаралған.

"Комиссия мүшелері Астана LRT жеңіл рельсті көлік жүйесіне "Тарлан Астана" атауын бір ауыздан қолдады", – деді Досжан Исабек.

Енді бұл ұсыныс қарау және түпкілікті шешім қабылдау үшін Республикалық ономастикалық комиссияға жолданады. Егер ұсыныс мақұлданса, елордадағы LRT жобасы ресми түрде "Тарлан Астана" атауымен жұмыс істейтін болады.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз