Жаңа ауданның аумағы 19 336 гектарды құрайды.
Астана қаласындағы жаңа ауданға Нұра атауын беру ұсынылды. Бұл туралы Астана қаласы мәслихаты тұрақты комиссияларының отырысында тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Сәкен Есіркеп айтты.
"Қалалық ономастика комиссияның шешімімен Нұра атауын ұсынамыз. Нұра – Қарағанды және Ақмола облысының аумағындағы ұзындығы 1 мың шақырымға жуық өзеннің аты. Тарихта Нұра мен Есілді "қос өзен" деп те атаған. Өйткені екеуі қатар орналасқан. Тарихта "Нұра – Есіл" деп жиі аталатын деректер өте көп. Жалпы қос өзен мәдениеті тек Қазақстанға ғана емес, бүкіл әлемге тән. Таяу Шығыстағы Тигр мен Ефрат өзендерінің арасында үлкен мәдениеттің болғанын білесіздер. Сонымен қатар Үндістанда – Инд пен Ганг, Қытайда – Хуанхэ мен Янцзы, Украинада Дунай мен Днепр бар дегендей. Қазақстанда Еділ мен Жайықты қатар айтып жүреді. Сол секілді Су мен Талас өзендерінің арасында Қазақ хандығы құрылды. Осындай өркениет пен мәдениеттің бірі – Есіл мен Нұра. Екеуі қатар айтылады", – деп түсіндірді басқарма басшысы ұсынысын.
Оқи отырыңыз: Жеңіс Қасымбек: Астанада мәселе көп, олар президенттің ерекше бақылауында
Айта кетейік, жаңа ауданның аумағы 19 336 гектарды құрайды. Ол Есіл өзенінің бойымен қаланың батыс бөлігінде шығысқа қарай Қабанбай батыр даңғылына дейін, одан әрі Қабанбай батыр даңғылының тақ жағымен және Қарқаралы тас жолының батыс жағы мен қаланың оңтүстігіне қарай орналасқан.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1Салауат Мүксімов Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды.
-
472
-
0
-
2
-
-
2Бүгін жеңілдетілген 4 пайыздық автонесиеге өтініш беру басталады 🚗
-
477
-
2
-
1
-
-
3Түркияда жер сілкінді, бірнеше қаласында ғимараттар қирады
-
426
-
0
-
2
-
-
4Жеңілдетілген автонесие бойынша өтінім қабылдау аяқталды ма?😢
-
417
-
1
-
2
-
-
5ҰБТ-2023: Жаңа формат қандай?
-
448
-
0
-
2
-
-
6Тоқаев Екібастұздағы пәтерлер мен әлеуметтік нысандарда температура режимін тұрақтандыру үшін барлық қажет шараны қабылдауды тапсырды
-
374
-
1
-
3
-
-
7autonesie.kz сайтына алғашқы бір минутта 125 мың адам кірген
-
397
-
4
-
4
-
-
8👨👩👦 Қазақстанда ата мен әженің немересімен араласу құқығы заңмен бекітілмек
-
373
-
0
-
5
-
-
9Тоқаев Түркия президенті Ердоғанға көңіл айту жеделхатын жолдады
-
374
-
4
-
3
-
-
10🗓 7 – 11 ақпандағы ҰБТ-ға тегін дайындық сабақтар кестесі
-
359
-
0
-
3
-