Жеңіс Қасымбек қала тұрғындарымен жыл соңына дейін кездесу өткізетінін айтты.
Астана қаласының жаңа әкімі Жеңіс Қасымбек үкімет кулуарында қаладағы өзекті мәселелер туралы айтты.
"Маңызды мәселе көп. Сондықтан нақты біреуін бөліп айта алмаймын. Бәрі маңызды. Оның ішінде жылыту маусымына дайындық, үшінші жылу электр орталығын салу, газ стансасы, үлескерлер мәселесі бар. Бүгінде 47 мың адам кезекте тұр. Оның жартысы – көпбалалы отбасылар. Сол кісілердің мәселесін шешу керек. Коммуналдық желілердің тозығы бар. Сондай мәселелер бар", – деді қала әкімі.
Осы ретте Жеңіс Қасымбек қала тұрғындарымен жыл соңына дейін кездесу өткізетінін айтты.
Сонымен қатар ол ЛРТ құрылысы 2-3 жыл ішінде аяқталатынын айтты. Қаланы газдандыру жұмыстары да жалғасын табатынын сендірді.
Оқи отырыңыз: Жеңіс Қасымбек Астана қаласының әкімі болып тағайындалды
Сондай-ақ Жеңіс Қасымбек өзінің астана қаласының әкімі ретінде тағайындалуына қатысты пікір білдірді.
"Тағайындалған соң, жұмыс істеймін. Бұл мемлекет басшысының сенімі. Сонымен қатар қала тұрғындары мен қонақтарының да сенімі мен үміті бар. Мен осы сенімді ақтау үшін бар күшімді, білімім мен тәжірибемді саламын. Мәселе көп, үкімет қолдайды, мемлекет басшысы қаладағы жағдайды ерекше бақылауда ұстайды. Сондықтан көп мәселе шешіледі деп сенемін", – деді қала басшысы.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
12,3 млн қазақстандықтың табысы тамағынан артылмайды 💸
-
386
-
2
-
1
-
-
2🌐 Қазақстан ауылдарына интернет тартуға 1 млрд теңгеден астам қаржы жұмсалмақ
-
372
-
0
-
2
-
-
3🚫 Фейк: Отбасы банк «мемлекеттен 116 680 теңге берілуі» туралы ақпаратты жоққа шығарды
-
359
-
0
-
2
-
-
4Әскер дәрігерлерінің жалақысы артады
-
352
-
0
-
2
-
-
5✅ Автонесие бағдарламасы 6 ақпанда басталады. Қалай онлайн өтініш беруге болады?
-
338
-
3
-
7
-
-
6Атырау облысында мектеп оқушылары төрт ауысымда оқуға мәжбүр
-
338
-
0
-
3
-
-
7Бұрынғы экология министрі Серікқали Брекешев «ҚазМұнайГаз» АҚ басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды
-
334
-
2
-
3
-
-
8Солтүстік Қазақстан облысында әкімдік кәсіпкерге жасанды «әкімшілік кедергілер» құрған
-
324
-
0
-
4
-
-
9Президент Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматовты қабылдады
-
319
-
0
-
3
-
-
10Жамбыл облысында қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақ табылды
-
291
-
0
-
1
-