Астана қаласында жеңіл рельстік көлікке (LRT) бір сапар құны 200 теңге болуы мүмкін. Бұл туралы қала әкімдігі әзірлеген тариф жобасы "Ашық" НҚА порталында жарияланды.
Жобаға сәйкес, жеңіл рельстік көлік желісінде бір реттік билет бағасы 200 теңге деп белгіленген. Төлемді қолма-қол және қолма-қол ақшасыз тәсілмен жасау қарастырылған.
Сонымен қатар, Астана қалалық мәслихатынің 2017 жылғы 20 шілдедегі №167/21-VI шешіміне сәйкес, елордада тіркелген және тұрақты тұратын жекелеген санаттағы азаматтар қоғамдық көлікте тегін жүру құқығын сақтайды.
Тариф жобасы қазір "Ашық" НҚА порталында қоғамдық талқылауға шығарылған.
USD:
484.9 / 487.9
EUR:
555.0 / 560.0
RUB:
5.99 / 6.11
Пікірлер
Әзірге пікірлер жоқ…