Астанада LRT көктемде іске қосылады. Көлік пилотсыз режимде жүреді

Фото: Астана әкімдігі
Фото: Астана әкімдігі
Бірыңғай диспетчерлік орталық LRT қозғалысын басқарады.

Астанадағы LRT жұмысы көктемде басталады. Бұл туралы қала әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram–парақшасында мәлімдеді.

Әкім премьер-министрдің орынбасары Роман Склярмен бірге LRT депосының ғимаратына барып, жеңіл рельсті көлік жобасы аясында құрылып жатқан Бірыңғай диспетчерлік орталықтың жұмыс дайындығымен танысқан.

Жаңа орталық көлік жүйесін басқару мен қаладағы жол-көше желісіндегі процестерді үйлестірудің негізгі элементіне айналмақ. Оның функциясына:

  • LRT құрамдарының қозғалысын басқару;
  • интеллектуалды көлік жүйесіндегі бағдаршамдарды үйлестіру;
  • қоғамдық көлікті диспетчерлік сүйемелдеу;
  • велосипедті жалға беру жүйесін басқару;
  • көлік деректерін өңдеу және сараптамалық талдау кіреді.

Сапар барысында "Әуежай", "Бәйтерек", "Министрліктер үйі", "Музей" станцияларының жай-күйі қаралған. Қазір сынақтық пайдалану бекітілген бағдарламаға сәйкес бүкіл желі бойынша жүргізіліп жатыр. Сынақтар инфрақұрылым мен қауіпсіздік жүйелерін тексеруді, персоналды даярлауды және апаттық рәсімдерді пысықтауды қамтиды.

Әкімнің айтуынша, LRT құрамдары пилотсыз режимде қатынайды және Орталық Азия климатына бейімделген, төмен температура мен аязға төзімді.

"Жолаушылар қозғалысының нақты басталу күні барлық сынақ шаралары толық аяқталып, жүйенің техникалық талаптарға сәйкестігі расталғаннан кейін белгілі болады. LRT жұмысы көктемде басталады", – деді қала басшысы.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз