Астанада GreenLine желілік саябағын абаттандыру жұмысы аяқталды. Фото

Фото: Астана әкімдігінің ресми сайты
Фото: Астана әкімдігінің ресми сайты
Желекжолдың басты нысандарының бірі – жаңа каскадты сарқырама.

Астанада GreenLine желілік саябағы толықтай абаттандырылды. Ұзындығы 2,3 шақырым жаңа ауқымды қоғамдық кеңістік тұрғын үй кварталдарын жаяу жүргіншілер бағыттары арқылы байланыстыратын үздіксіз жасыл дәлізді құрайды, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

Жобада негізгі назар көгалдандыруға және жайлы табиғи орта қалыптастыруға аударылды. Онда ағаштар, бұталар және көпжылдық өсімдіктер отырғызылды. Әртүрлі деңгейде орналастырылған жасыл желек жол бойында тұтас жасыл ландшафт қалыптастырады.

Фото: Астана әкімдігінің ресми сайты

Желекжолдың басты нысандарының бірі – жаңа каскадты сарқырама. Мұнда су, жер бедері және әр деңгейге отырғызылған жасыл желек өзара үйлесім тапқан. Жоғарыдан аққан су жасыл террасалар арқылы төмен қарай сатылы түрде ағады. Сарқыраманың айналасына ағаштар, бұталар мен көпжылдық өсімдіктер отырғызылған. Олар өскен сайын бұл жер қалың жасыл желекке оранады. Каскад GreenLine-ның дәл ортасында орналасқан және желекжолдағы негізгі көрікті орындардың біріне айналады.

Сонымен қатар GreenLine бойында тоғандар, балалар ойын алаңдары, серуендеуге арналған жолдар және демалуға арналған түрлі орындар жасалды. Су, жер бедері мен жасыл желек бір-бірімен үйлесіп, тұтас бір көрініс қалыптастырады.

Фото: Астана әкімдігінің ресми сайты

GreenLine тұрғын үй кварталдарын біртұтас жаяу жүргіншілер бағыты арқылы байланыстырып, қаланың осы бөлігінің келбетін өзгертеді. Бұрынғы аумақ қазір жасыл желегі көп, жайлы әрі адамдарға қолайлы орынға айналды. Жыл сайын ағаштар бой көтеріп, бұталар мен көпжылдық өсімдіктер жайқалған сайын желекжол да құлпыра түседі.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау