Астанада ауа райына байланысты әуе рейстері кешігіп жатыр

Фото: Астана халықаралық әуежайы
Фото: Астана халықаралық әуежайы
Бүгінге барлығы 79 ұшу және 78 келу рейсі жоспарланған.

Астана жолдарында көлік кептелісі байқалады. Елорда әуежайы әкімшілігінің мәліметінше, қолайсыз ауа райы рейстердің кешігуіне де әкелді.

Әуежайдың хабарлауынша, кестеде өзгерістер болуы мүмкін. Бүгінге барлығы 79 ұшу және 78 келу рейсі жоспарланған.

"Астана уақыты бойынша сағат 13:30-дағы жағдай бойынша 10 келу және екі ұшу рейсі кешікті. Кешігулер ауа райы байланысты болып отыр. Біз жолаушылардан әуе компаниясымен рейс мәртебесін тексеруді және әуежайдың онлай-таблосынан рейс туралы ақпаратты бақылап отыруды сұраймыз", – делінген әуежай мәлімдемесінде.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз