Air Astana Ларнакаға маусымдық рейстерге билет сатуды бастады

Фото: alfa-invest.ru
Фото: alfa-invest.ru
2026 жылы Астана мен Алматыдан Ларнакаға тікелей ұшуға болады.

Air Astana әуе компаниясы Кипрдің Ларнака қаласына бағытталған маусымдық тікелей рейстерге билет сатуды бастады. Компанияның баспасөз қызметінің мәліметінше, рейстер 2026 жылдың жаз мезгілінде Астана мен Алматы қалаларынан орындалады.

Елордадан Ларнакаға тікелей рейстер 2 маусым мен 5 қыркүйек аралығында аптасына екі рет – сейсенбі және сенбі күндері жүзеге асырылады. Ұшақтар таңертең және күндіз ұшып, Ларнакадан кері рейстер күннің екінші жартысында орындалады. Ұшу ұзақтығы Ларнакаға дейін шамамен 5 сағат 40 минут, ал кері бағытта сәл қысқарақ болады.

Алматыдан Ларнакаға тікелей рейстер 4 маусым мен 6 қыркүйек аралығында бейсенбі және жексенбі күндері жоспарланған. Алматыдан ұшу таңертең ерте, ал Кипрден кері рейс күндіз жүзеге асады. Ұшу уақыты Ларнакаға дейін шамамен 6 сағат 5 минут, кері бағытта 5 сағат 30 минутты құрайды.

Барлық рейстер заманауи Airbus A321LR әуе кемелерімен орындалады.

Билеттер Air Astana компаниясының ресми сайтында және агенттіктер арқылы сатылымға шығарылды.

• Алматы – Ларнака бағыты:
эконом-класс – екі бағытқа 300 819 теңгеден,
бизнес-класс – 783 377 теңгеден басталады.

• Астана – Ларнака бағыты:
эконом-класс – 286 881 теңгеден,
бизнес-класс – 729 814 теңгеден басталады.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары