Тікелей эфир

Астанада 185 мың бала жазғы демалыстың барлық түрімен қамтылды

Қаланың 85 мектебінде бастауыш класс балаларына арналған 155 мектеп жанындағы лагерь істейді.

Биыл елордада жазғы демалыстың барлық түрімен 185 мың оқушы қамтылған, бұл – 1-10-класс оқушыларының жалпы санының 98 пайызы. Бұл туралы Астана әкімдігі хабарлады. 

Әкімдіктің мәліметінше, қаланың 85 мектебінде бастауыш класс балаларына арналған 155 мектеп жанындағы лагерь істейді. Онда 134 494 оқушы бар. Оқушылар сарайындағы екі лагерьде 462 бала демалды, оның ішінде 120 бала – "Ақниет" ҚҚ есебінен тегін. Арман" және "Боровичок" лагерьлерінде үш маусымда 1 135 бала демалды, оның ішінде жалпы білім беру қорының есебінен – 500 бала тегін.

"Жыл сайын ҚР Оқу-ағарту министрлігінің берілген квоталарына сәйкес "Балдәурен-Щучинск", "Балдәурен-Қапшағай", "Балдәурен-Балқаш" (5-9-класс), "Бөбек" (1-4-класс) республикалық сауықтыру лагерлерінде балалар денсаулығын нығайтады", – деді Астана қаласы Білім басқармасы басшысының орынбасары Нариман Еламанов.

Жазғы демалыс кезінде елордада төрт бағыт бойынша 175 200 оқушы жұмыспен қамтылды:

- еңбек: "Жасыл ел" көгалдандыру бригадасы (4 200), экологиялық лагерьлер, көгалдандыру және абаттандыру бригадалары (3 900 баланы қамту);
- шығармашылық: әртүрлі мекемелерде 8 клуб және 208 қызығушылық үйірмесі, 45 аула клубы (130 908 баланы қамту);
- спорттық-туристік: жорықтарға, туристік таныстыру сапарларына, экспедицияларға (архиологиялық, экологиялық, өлкетану), "Дидарлы жаз", «Айбынды маусым» лагерінің жалпы білім беретін мектептерінің спорт алаңдары мен залдарына қатысу (1 389 баланы қамту) тегін.
- зияткерлік: "Жас ұлан", "Жас қыран" мүшелерінің көшбасшылары активінің жазғы мектептері жазғы тілдік мектептер, пікірсайыс лагерлері (39 479 баланы қамту) тегін.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары