USD: 487.9 / 490.5
  • EUR: 562.0 / 567.0
  • RUB: 6.43 / 6.55
Тікелей эфир
Алматы +30C
Все города

Астана медицина университетіне Төрегелді Шармановтың есімі беріледі

Төрегелді Шарманов. Фото: Асфендияров атындағы ҚазҰМУ
Төрегелді Шарманов. Фото: Асфендияров атындағы ҚазҰМУ
Ал Қарағанды медициналық университеті Петр Поспеловтің есімімен аталады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев салалық жоғары оқу орындарына көрнекті медицина қайраткерлерінің есімін беру туралы бастаманы құптайтынын айтты. 

"Маңдайалды отандық жоғары мектептердің бірі ретінде танылған "Астана медицина университеті" цифрлық денсаулық сақтау мен биомедицинаны табысты дамытып келеді. Үкімет аталған оқу орнының айқын жетістіктерін ескеріп, ол ең жоғары – Ұлттық университет мәртебесін алуға әбден лайық деп санайды. Бұл ұсынысты қолдаймын. Сонымен қатар астаналық университетке көрнекті ғалым, отандық тағамтану ғылымы мен профилактикалық медицинаның негізін салушы, Қазақстанның Еңбек Ері Төрегелді Шармановтың есімін беру орынды болар еді. Мұның символдық мәні де зор", – деді президент. 

Қасым-Жомарт Тоқаев сонымен бірге Қарағанды медициналық университетіне осы оқу орнының негізін қалаған әрі оны ұзақ жылдар бойы басқарған Петр Моисеевич Поспеловтің атын беру туралы Үкімет пен медициналық қоғамдастықтың бастамасын қолдайтынын да айтты. 

"Белгілі Қарағанды медицина мектебінің бастауында тұрған әйгілі тұлғаның 125 жылдығы қарсаңында мұндай шешімнің қабылдануы – тарихи әділеттілік", – деді ол.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз