USD: 487.5 / 490.1
  • EUR: 561.5 / 566.5
  • RUB: 6.39 / 6.51
Тікелей эфир
Алматы +30C
Все города

Президент Үкіметке бүкіл денсаулық сақтау инфрақұрылымына ауқымды реновация жүргізуді тапсырды

Фото: Ақорданың баспасөз қызметі
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі
Тоқаев бұл ретте негізгі мәселе – білікті маман тапшылығын жою екеніне назар аударды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев медицина қызметкері күніне орай салтанатты іс-шарада Үкіметке бүкіл денсаулық сақтау инфрақұрылымына ауқымды реновация жүргізу жөнінде тапсырма берді

Президенттің айтуынша, "Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту" ұлттық жобасының бірінші кезеңі сәтті іске асырылды. 2023 жылдан бастап жаңадан 655 бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсету нысаны салынды. Биыл 32 аудандық аурухананы жаңғырту жұмыстары аяқталады. 

1Бұл азаматтарды тұрғылықты жерде сапалы медициналық көмекпен қамтамасыз етеді. Елордада және өңірлерде мамандандырылған ғылыми институттар мен көпбейінді ауруханалар, заманауи емханалар және перинатальды орталықтар бой көтеруде. Дегенмен алдағы жұмыс – ауқымды. Елімізде пайдалану мерзімі әлдеқашан өтіп кеткен 14 мыңнан аса нысан әлі де қызмет көрсетіп тұр. Сондықтан Үкімет бүкіл денсаулық сақтау инфрақұрылымына ауқымды реновация жүргізіп, олардың материалдық-техникалық базасын жаңғыртуы қажет", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы бұл ретте білікті маман тапшылығын жою қажеттігіне тоқталды. 

"Негізгі мәселе – білікті маман тапшылығын жою, мұның зардабын әсіресе ауылдық жерлер тартып отыр. Бұл үшін бастапқы медициналық-санитарлық көмек жұмысшыларын қолдау бағдарламасын әзірлеу қажет. Адамдарға көмектесуге бірінші болып келетін жандар мемлекет қамқорлығын сезінуі керек. Олар үшін лайықты жалақы, толық әлеуметтік пакет және жергілікті жерде жұмыс істеуге ынталандыратын тетіктер болуға тиіс", – деді президент.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз