USD: 469.3 / 471.9
  • EUR: 535.0 / 540.0
  • RUB: 5.67 / 5.79
Тікелей эфир
Алматы +23C
Все города

Астана маңындағы өрт әлі сөндіріліп жатыр

Өрт сөндірушілер Астанадағы қураған шөпті әлі сөндіріп жатыр.

Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады. Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов өрт болған жерге барды.

Министр өртті жылдам сөндіру үшін күш пен құралдарды жұмылдырып, Қазавиаспа техникасын қосымша тартуды тапсырды.

"Қазіргі уақытта су төгетін құрылғысы бар МИ-8 борты қосымша тартылды. Ол өрт болып жатқан жерлерге 51 тонна су төкті. Өртті сөндіріле бастағаннан бері қорғаныс министрлігі мен "Қазавиапас" АҚ тікұшақтары 59 мәрте (шамамен 198 тонна) су төкті. Оқиға орнында 185 құтқарушы мен 37 техника жұмыс істеп жатыр", — делінген хабарламада.

Айта кетейік, 19 маусымда Астанадағы қураған шөп өртене бастады. Өрт сөндірушілерге бұл туралы қоңырау сағат 9:12-де түскен. Ол кеше түнде оқшауланды. 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау