Тікелей эфир

"Елдімекендерге қауіп жоқ". Шығыс Қазақстанның жету қиын таулы жерлерінде өрт шықты

Алдын ала есеп бойынша өрт аумағы 15 гектарды құрайды.

17 маусымда Катонқарағай ауданында, "Катонқарағай ұлттық табиғи паркі" РММ Ақсу филиалының аумағында жетуі қиын таулы жерлерде өрт шықты. Шөп, бұта жанып жатыр. Алдын ала есеп бойынша ауданы 15 гектарды құрады, деп хабарлады ШҚО ТЖД баспасөз қызметі. 

Өртті сөндіруге "Қазавиаорманды қорғау" қызметкерлері, орманшылар, жергілікті атқарушы органдар, ШҚО ТЖД өрт сөндірушілері жұмылдырылды. Жеке құрамның барлығы 111 адамы, 3 бірлік техника және ШҚО әкімі аппаратының әуе бөлімшесінің 2 тікұшағы жұмыс істеп жатыр.

Caption

"Отпен күресуге қатысқан десант тікұшақпен жеткізілді, өйткені жер бедері автотехникамен жүруге мүмкіндік бермейді. Елді мекендерге қауіп жоқ. 17 маусымда "Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығы" РММ аумағында Риддер қаласынан 80 шақырым жерде жетуі қиын таулы орманды жерлерде өрт шықты. Жану ауданы шамамен 6 гектарды құрайды.  Өртті сөндіруге барлығы –    орман шаруашылығы техникасы, ШҚО ТЖД, шекарашылардан 58 адам және 9 бірлік  жұмылдырылды", – делінген ақпаратта. 

Фото: ШҚО ТЖД баспасөз қызметі

Облыс әкімі Ермек Көшербаев, оның орынбасарлары, ТЖ департаментінің басшылығы әуеден барлап, жағдайды аспаннан да қарап отпен күресті бақылауда.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары