Тікелей эфир

Астанадағы өрт: 140 маман мен 21 техника жұмылдырылды

Өртті сөндіруге қатты жел кедергі келтіріп отыр.

Астанада қураған шөп өртеніп жатыр. Бұл туралы қалалық төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.

Қалада қураған шөптің өртеніп жатқаны туралы хабарлама өрт сөндірушілерге 19 маусымда сағат 09.12-де түскен.

Өрт сөндірушілер оқиға орнына келгенде Қорғалжың тас жолы мен Қосшы қаласына қарай айналма жолдың арасында қураған шөптің өртеніп жатқаны анықталған.

"Өртті сөндіруге Астана қалалық төтенше жағдайлар департаменті жеке құрамының 140 маманы мен 21 техникасы, әкімдіктің сегіз су шашатын машинасы, «Астана орманы» мекемесінің 10 көлігі жұмылдырылған. Өртті сөндіруге қатты жел кедергі болып жатыр", – делінген департамент таратқан хабарламада.


Оқи отырыңыз: Астанада жол қозғалысы ережесін 100 рет бұзған азамат ұсталды

Өрттің түтіні қаланы алып тұр. Соған орай аланың қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы елорда тұрғындарынан қажеттік тумаса, көшеге шықпауды сұрады. Оған қоса терезе ашпауға, көшеде маска тағып жүруге шақырды. 

Алдын ала болжам бойынша, өрт сөндірушілер 15 гектар жерге таралған өртті сөндіріп жатыр.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары