USD: 469.3 / 471.9
  • EUR: 540.5 / 545.5
  • RUB: 5.57 / 5.69
Тікелей эфир
Алматы +25C
Все города

Астана автобустарында билетсіз жолаушыларды анықтайтын камералар пайда болды

Камералар кірген жолаушылардың санын есептеп, төлем туралы мәліметтерді салыстырады.

«City Transportation Systems» ЖШС «Астананың қоғамдық көлігіндегі бейнеаналитика жүйесі» инновациялық жобасын іске қосады, деп хабарлады елорда әкімдігі.

Жобаның мақсаты - жолаушыларға қызмет көрсету сапасын жақсарту, билетсіздер санын азайту және қоғамдық көліктердегі қауіпсіздікті арттыру.

"Жобаның пилоттық кезеңі аясында 2 мамырда №24 маршруттың бір автобусында нақты уақыт режимінде деректерді талдауға мүмкіндік беретін камералар, роутерлер және борттық компьютер орнатылған. Әр есікке қарама-қарсы орналасқан камералар кірген жолаушылардың санын есептеп, төлем туралы мәліметтерді салыстырады. Бұл билетсіз жолаушылар санын, маршруттың уақыты мен учаскелерін дәл анықтауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар нақты уақыттағы ақпарат CTS көліктік бақылау департаментіне түседі", – делінген хабарламада.

Бейнебақылау пилоттық жобасы іске қосылған сәттен бастап бір автобуста жүйемен 2 мыңнан астам билетсіз жол жүру жағдайы анықталды.

Бұл пилоттық жоба болғандықтан, жолаушыларға айыппұл салынбаған.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау