USD: 471.1 / 474.1
  • EUR: 538.0 / 543.0
  • RUB: 5.71 / 5.83
Тікелей эфир
Алматы +22C
Все города

Астанада кейбір автобус бағыттарының қозғалыс схемасы өзгереді

Қазіргі уақытта Астана қаласы қоғамдық көлігінің жұмысы сағат 06.00-ден 23.30-ға дейін жүзеге асырылады.

Астанада жолаушы тасымалдайтын 17 бағдардың кестесі ұзартылды, деп хабарлады әкімдік сайты.

Әкімдіктің мәліметінше, №3, 8, 9, 10, 13, 15, 17, 18, 20, 23, 27, 30, 32, 35, 44, 59, 84 кешкі уақыттағы кестесіне айналымдар қосылды, бұл көрсетілген бағдарлардың жұмыс уақытын ұзартуға мүмкіндік берді

"Сағат 23.30 бағдардың соңғы аялдамаларда жұмыс уақыты – толық аяқталатын уақыты. Мысалы, соңғы аялдамаларының бірінен бағдар сағат 21.50-де шықса және маршрутты жүріп өтуіне 1,5 сағат уақыт кететін болса, оның келесі соңғы аялдамадағы жұмысы сағат 23.30-да аяқталады. Бағдарлардың жүру кестесі мен айналым уақыттары әртүрлі екенін ескере отырып, соңғы аялдамалардағы бағдарлардың жұмысы әртүрлі аяқталатынын ескеру маңызды. Тұрғындардан сапарды жоспарлау кезінде осыны ескеруді сұрайды. Жақын арада түнгі бағдарлар іске қосылады. Олардың іске қосылу күні туралы қосымша хабарланады. Қоғамдық көлік қызметін жақсарту бойынша жұмыстар жалғасады", – деп хабарлады CTS компаниясы.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау