Тікелей эфир

Астана әуежайы қазаннан бастап жұмыс кестесін өзгертеді

5 қазаннан бастапсағат 1.00-де аэродром қайтадан штаттық режимде жұмыс істейді.

Астана әуежайында ұшу-қону жолағын жөндеу жұмыстары мерзімінен бұрын аяқталды. Енді әуежай тәулік бойғы жұмысын қайта жалғастырады, деп хабарлайды әуеайлағының баспасөз қызметі.

Әуежай жөндеу жұмыстарына байланысты мамыр айынан бастап түнде жабылған болатын.

"5 қазаннан бастапсағат 1.00-де аэродром қайтадан штаттық режимде жұмыс істейді. Негізі барлық жұмыс 24 желтоқсанда аяқталады деп жоспарланған болатын", – дейді әуе айлағы.

Әуежайдың баспасөз қызметі жөндеу жұмыстарының толық аяқталмағанын, бірақ бұл рейстерге әсер етпейтінін мәлімдеді.

"Жүргізілген жұмыстар барысында ауданы 26 746,64 шаршы метр магистральдық жолдағы асфальтбетон жабыны ауыстырылды. Сондай-ақ ауданы 53 920 шаршы метр ұшу-қону жолағындағы асфальтбетон жабыны ауыстырылды. Мердігер орындайтын қалған кішігірім жұмыстар әуе рейстерінің жұмысына әсер етпейді", – деді елорда әуежайы өкілдері.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары