Тікелей эфир

Астана әкімдігі қаламгерлерді марапаттады

Қазір Астанада Қазақстан жазушылар одағының 160-тан астам мүшесі тұрады.

Қаламгерлер аллеясында елорда әкімдігі мен "Қазақстан жазушылар одағы" қоғамдық бірлестігі Астана қалалық филиалының қолдауымен "Астана – шабыт арқауы" деген мәдени іс-шара өткізді. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады. 

"Қазір Астанада Қазақстан жазушылар одағының 160-тан астам мүшесі тұрады. Екі жыл бұрын елордалық жас ақын-жазушылардың 30-дан астам кітабы жарыққа шықты. Ол дәстүр әлі де жалғаса береді. Күні кеше араға 11 жыл салып ақын-жазушылардың мүшайрасы өтті. Осындай дәстүрлі іс-шараларда қаламгерлер елорданың ғана емес, еліміздің руханиятына, мәдениетіне үлесін қосып келе жатыр. Бүгін өздеріңізге ризашылығымызды, сый-құрметімізді көрсетейік деп отырмыз", – деді Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкен.

Іс шарада Төлен Әбдік, Қойшығара Салғараұлы, Ғарифолла Есім, Әлібек Асқар, Серік Тұрғынбекұлы, Алдан Смайыл, Алтыншаш Жағанова, Шәрбану Бейсенова, Тұрсын Жұртбай сияқты қаламгерлерге елорда әкімінің сыйақысы табысталды.

Оған қоса, ақындар мен жазушылар қолтаңба сессиясын, кітаптар тұсаукесерін өткізді.

Айта кетейік, Астана қаласы әкімдігінің "Орталықтандырылған кітапхана жүйесі" КММ "Астана – бейбітшілік және жасампаздық мекені" деген кітап көрмесін ұсынды.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары