Тікелей эфир

Қаламгерлерге – 500 мың теңгеден 25 жүлде. Астана әкімдігі әдеби байқау жариялады

Байқауға 14-35 жас аралығындағы елордалық жас ақындар мен жазушылар қатыса алады.

Астананың 25 жылдығына орай қаланың жастар саясаты мәселелері басқармасы жас ақындар мен жазушыларды қолдау мақсатында "Үздік жас қаламгер" байқауын жариялады. Бұл туралы Астана әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Байқаудың мақсаты – қазақ халқының дәстүрлерін жан-жақты зерделеу арқылы жастардың ақындық шеберлігін шыңдау, ұлттық мәдениет арқылы отансүйгіштік сезімді дамыту, қазақ тілінің рөлін көтеру, дарынды жас ақындар мен жазушыларды анықтау және оларға шеберлігін шыңдауға мүмкіндік беру.

Байқауға қатысу үшін қаламгерлер келесі құжаттар ұсынады:

  • өтінім;
  • шығарма.

Байқауға 14-35 жас аралығындағы елордалық жас ақындар мен жазушылар қатыса алады. 500 мың теңгелік жүлде саны – 25.

Астаналық қаламгерлер өз шығармасын 5 шілдеге дейін ujq_2023@mail.ru электронды поштасына жіберуі қажет.


Оқи отырыңыз: "Әдебиет көшірмемен өспейді". "Тармақтар" әдеби жобасының жетекшісімен сұхбат


 

Серіктестер жаңалықтары