Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Асқарбек Ертаевты еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі етіп қайта тағайындады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Асқарбек Маратұлы Ертаев Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі лауазымына тағайындалды", – делінген ресми хабарламада.
Асқарбек Ертаев 1977 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін, "НҰР" Ақтөбе менеджмент, бизнес және құқық институтын тәмамдаған.
Мемлекеттік қызметке 2014 жылы келген. Әр жылдары Экономика министрлігінде, Президент Әкімшілігінің Қауіпсіздік кеңесінде және Үкімет аппаратында жұмыс істеген.
Жұлдыз Сүлейменова оқу-ағарту министрі қызметін жалғастырады
Ерлан Ақкенженов энергетика министрі қызметінде қалды