Тікелей эфир

Асқар Ақаевқа экс-президент мәртебесін қайтару: Қырғыз парламентінің комитеті комиссия құрудан бас тартты

Конституциялық заңнама комитеті Жогорку Кенешке Ақаевтың өтініші қанағаттандырмауды ұсынды.

Қырғызстанның бұрынғы басшысы Асқар Ақаевтың экс-президент мәртебесін қайтару туралы өтінішін Қырғызстан парламентінің конституциялық заңнама, мемлекеттік құрылым және сот-құқықтық мәселелер мен регламент жөніндегі комитеті қарады, деп хабарлады 24.kg.

Депутат Гуля Кожокулованың бұл мәселені жүйелі зерттеп, негізді шешім қабылдау үшін уақытша комиссия құру туралы ұсынысын комитетке мүше депутаттардың басым бөлігі қолдамады. Дауыс беру кезінде бұл ұсыныс күн тәртібінен алынып қалды және комитет Асқар Ақаевтың өтінішін Жогорку кенештің қарауына енгізген. Комитет, сондай-ақ, кенешке бұл өтінішті қанағаттандырмау жөнінде ұсыныс берді. 

"Бұл мәселе бойынша қоғамның ұстанымы айқын. Ақаев президент болған тұста бірнеше адам атылды. "Ақ үй" алдында патриот Шералы Назарқұлов аштық жариялап, қайтыс болды. Ақаев адам құқықтарының бұзылуына жол беріп, отбасылық-әулеттік басқару орын алды. Ақаевтың кемшіліктері жөнінде көп айта беруге болады. Сондықтан, біз неге мұндай адамға (экс-президент) мәртебесін қайтарып, оның резиденцияда өмір сүруін қамтамасыз етуіміз керек", – деді депутат Жанарбек Ақаев. 


Оқи отырыңыз:


Еске салайық, Асқар Ақаев 1990-2005 жылдары Қырғызстан президенті болып қызмет атқарды. 2005 жылы елде болған "қызғалдақ төңкерісінен" кейін Ақаев президент отставкаға кетіп, кейін Ресейге көшіп кетті. Ресейде ол Мәскеу мемлекеттік университетінде профессор, Ресей ғылым академиясы төралқасының бағдарлама үйлестірушісі болып қызмет етті. 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары