Асқар Ақаев Қырғызстан парламентінен өзіне экс-президент мәртебесін қайтаруды сұрады

Қырғыз Республикасының бұрынғы басшысы бүгінде Ресейде тұрады.

Қырғызстанды 1990-2005 жылдары басқарған Асқар Ақаев елдің парламенті – Жогорку Кенештен өзіне экс-президент мәртебесін қайтаруды өтініп хат жазды. Бұл ақпаратты парламенттің баспасөз қызметі растады, деп хабарлады 24.kg.

Бұған дейін баспасөзде қырғыз депутаты Шолпан Сұлтанбекова Асқар Ақаевтан осы мазмұнда хат түскенін туралы айтқаны туралы ақпарат тараған болатын. 

Оның айтуынша, бұл мәселе бірден күн тәртібіне енгізілмейді. Алдымен мәселені парламент фракциялары, олардың көшбасшылары мен депутаттары талқылауы тиіс. 

Еске салайық, Асқар Ақаев 1990-2005 жылдары Қырғызстан президенті болып қызмет атқарды. 2005 жылы елде болған "қызғалдақ төңкерісінен" кейін Ақаев президент отставкаға кетіп, кейін Ресейге көшіп кетті. Ресейде ол Мәскеу мемлекеттік университетінде профессор, Ресей ғылым академиясы төралқасының бағдарлама үйлестірушісі болып қызмет етті. 


Оқи отырыңыз: Қазақстандықтардың Қырғызстанда болу тәртібі өзгерді. Не білу керек


 

Пікірлер

0
Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.

Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз