Әскерге сау кетіп, сал боп оралған сарбаздың туыстары әділдік іздейді

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Өмірбек Сұлтанмұратовты арбаға жеккен менингит пе, әлде әскердегі әлімжеттік пе?

31 арнаның Информбюро бағдарламасы Шымкенттен әскерге шақырылып, Павлодардағы 5512 әскери бөлімінде Ұлттық ұлан сапында қызмет еткен Өмірбек Сұлтанмұратовтың қазіргі тағдыры жайында баяндады. 

Ұлттық ұлан сарбазы бүгінде мүгедектер арбасына жегілген. 18 жасында әскерге өз еркімен барған оның әскерден қайтуына бір ай қалғанда денсаулығы күрт нашарлайды. Дәрігерлер Өмірбектің басына ота жасап, "менингит" деп диагноз қойған. Дегенмен, сарбаздың туыстары бұл – менингиттің емес, әскердегі әлімжеттік пен ауыр соққылдардың салдары деп есептейді. 

"Ауырса, армияда неге қарамады. Сап-сау кетіп еді ғой. Командирлеріне аурып жатқанын айтқанын кейін естідім. Дәрігерге апарыңдаршы деген өтінішіне ешкім құлақ түрмеген. Әбден комаға түскенде ғана апарған. Бала өлгенше қарап отыра бере ме? Әбден соққы жеген бала", – дейді Өмірбектің анасы Мадина Шұқамбаева. 

Өмірбек әскери қызметкер болуды бала күнінен армандаған. Көкпар тартып, түрлі спорт түрінен жарыстарға да қатысқан. Кенжесінің бетінен қаққысы келмеген әкесі Рустамбек Шұқамбаев Шымкенттегі әскери комиссариатқа өзі жетектеп алып барғанына әлі күнге дейін өкінеді. 

"Өзім апарып бергеніме өкінемін. Қолынан военкоматқа апарып, қолынан ұстатқаныма өкінемін мен. Олардың үйреніп алған сөзі, "еркексің, еркексің" дей береді екен барлығына. Бүйтіп, ата-аналарды шырылдатып еркек болмай-ақ қоя салған мақұл", – дейді ол. 

Үш жылдан бері баласын ауруханаларға тасып, қаратып жүрген ата-анасы бұл істе шикілік көп екенін сенімді. Олар сарбаздың мұндай мүшкіл жағдайға қалай түскенін сол күйі біле алмаған. Себебі, қылмыстық іс те қозғалмады деп қынжылады. Ең өкініштісі, бар шындықты Өмірбек Сұлтанмұратовтың өзі де айтып бере алмайды. 2023 жылдан бері төсекке таңылған жігіт ата-анасын бертінде ғана таныған. 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау