Арыстағы әскери бөлімде жарылыс болды

Видео скрині
Видео скрині
Өрт толық сөндірілді.

Арыс қаласындағы әскери бөлімдердің бірінің аумағында құрғақ шөп тұтанып, өрт кезінде оқ-дәрі фрагментінің дүмпу дауысы естілді. Зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі.

"19 тамыз сағат 19:00 шамасында Арыс гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінің техникалық аумағында құрғақ шөп тұтанған. Өрт кезінде жоюға алдын ала дайындалған оқ-дәрі фрагментінің дүмпу дауысы естілген. Алайда оқиға салдарынан ешкім зардап шекпеген және нысандар қирамаған", – делінген хабарламада.

Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі жағдай бақылауда екенін хабарлады. Өрт толықтай өшірілген, қазіргі уақытта оқиға орнында тиісті қызметтер жұмыс істеп жатыр.

Әскери ведомство азаматтарды әлеуметтік желілерде таралып жатқан расталмаған ақпараттарға сенбеуге және жағдайға қатысты тек ресми дереккөздерге сүйенуге шақырды.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау