Тікелей эфир

Археолог Шамалған, Қаскелең туралы: Алдымен тарихи маңызы жоқ атауларды өзгерту керек

Қазақстандағы әр ой-шұқыр, тау-­тас, көл, бұлақтардың топонимикалық атауы бар.

Тарихшы, археолог Жанболат Қазанбаев Қазақстандағы жер және елді мекендердің тарихи атауын қайтару туралы пікірін "Ана тілі" басылымы арқылы жеткізді. 

Оның сөзінше, елде тарихи маңызы бар атаулар және аса маңызы жоқ, бертінде – тың және тыңайған жерлерді игеру уақытында, соғыс кезінде, репрессия тұсында қойылған атаулар бар. Сондықтан, тарихи атауды қайтару мәселесінде осыған мән беру керек. 

"Қазақстан жерінде "Қалмақ қырылған" және "Қалмақ қырған" атты жерлер бар. Ондай жер атаулары, қателеспесем, сегіз болуы керек. Біреуі Ақтөбе облысы Темір ауданында, төртеуі Абай ауданында, екеуі Павлодарда, сосын, Орталық Қазақстанда да кездеседі. Қарапайым, Боралдай, Қаскелең, Шамалған деген сияқты елді мекен аттары да қалмақтың атаулары. Бірақ, жалпы, халық осы атаулар арқылы жерді таниды. Егер бұрынғы атына көшетін болсақ, онда тарихи маңыздылығын біле алмаймыз", – деді археолог. 


Оқи отырыңыз: 


Бұл ретте тарихшы Жанболат Қазанбаев алдымен тарихи маңыздылығы жоқ, соңғы 150-200 жыл ішінде қойылған атауларды қазақшалауды және байырғы атауын қайтаруды ұсынады. 

"Қазақстан территориясы дөңгелектегенде 2,7 млн шаршы шақырымды құрайды. Сол аумақтың ой-шұқыр, тау-­тас, көл, бұлақтардың – барлығының топонимикалық атаулары бар. Барлық жердің ерекшелігіне, орналасу аймағына қарай атау беріліп отырған. Халықтың талабы дұрыс екені даусыз. Өзіміздің қазақи аттар берілуі керек", – деді Жанболат Қазанбаев. 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
7

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары