Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Арман Шаққалиевті сауда және интеграция министрі қызметінде қалдырды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Арман Абайұлы Шаққалиев Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі лауазымына тағайындалды", – делінген ресми хабарламада.
Арман Шаққалиев 1977 жылы дүниеге келген. Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетін "стандарттау, сертификаттау және метрология" мамандығы бойынша, Гумилев атындағы Еуразия университетін "заңгер" мамандығы бойынша, Бұкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін "экономист" мамандығы бойынша тәмамдаған.
ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы болып жұмыс істеген. ҚР Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетін басқарған. Қазақстан Республикасынан Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының мүшесі болған. Сондай-ақ ЕЭК Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу министрі қызметін атқарған.
2022 жылғы қарашадан 2023 жылғы қыркүйекке дейін ҚР Сауда және интеграция бірінші вице-министрі қызметін атқарды.
Жұлдыз Сүлейменова оқу-ағарту министрі қызметін жалғастырады
Ерлан Ақкенженов энергетика министрі қызметінде қалды