Тікелей эфир

Әр баланың шотында 18 жылда кемі 3 мың доллар жиналады – Үкімет есебі

Жоба 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмыс істейді.

Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Ұлттық қор – балаларға" жаңа бағдарламасы бойынша 18 жасқа толғанша әр баланың жинақтаушы есепшотында қанша қаражат жиналатынын айтты.


"Президенттің бастамасымен Балалар жылының аясында "Ұлттық қор – балаларға" атты жаңа бағдарлама іске қосылады. Оған сәйкес, 2024 жылдан бастап Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық табысының 50 пайызы балалар 18 жасқа толғанға дейін олардың арнаулы жинақтаушы есепшотына аударылады. Жинақталған қаржы балалар кәмелет жасына толғаннан кейін олардың баспана немесе білім алуына жұмсалады", – деп жазды ол Facebook парақшасында.

Үкімет пен Ұлттық банктің есебі бойынша Қазақстанда жыл сайын 400 мың сәби дүниеге келеді. Әр бала 18 жасқа толғанша олардың есепшотында кемі 3 мың АҚШ долларына тең қаражат жиналады.


Оқи отырыңыз: "Ұлттық қор – балаларға" жаңа бағдарламасы іске қосылады


Еске сала кетсек, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Балалар жылы аясында "Ұлттық қор – балаларға" жаңа бағдарламасы іске қосылатынын айтты. Жоба 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмыс істейді.

Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары