Ақтөбеде ақ кимешекті әже автобус жүргізді

Фото интернеттегі ашық дереккөзден алынды
Фото интернеттегі ашық дереккөзден алынды
Әже Yutong маркалы автобусты тізгіндеген.

Наурыз мерекесінде Ақтөбе облысындағы қоғамдық көліктердің бірін жүргізген ақ кимешекті әже көптің назарын өзіне аударды. Бұл видео Yutong Bus & Coach Kazakhstan компаниясының Facebook парақшасында жарияланып, кейін әлеуметтік желіде белсенді тарады. 

Желі қолданушылары ақ кимешекті әжеге алғысын жаудырып, жақсы тілектерін арнаған. 

Сондай-ақ, Yutong компаниясы мерекелік көңіл-күйді өзге өңірлердегі қоғамдық көліктерде де орнатты. Ұлттық нақышта әсем безендірілген қоғамдық көліктер жолаушыларды діттеген жеріне Наурыз мейрамына тән көңіл-күйде тасымалдады. 

Айта кетейік, Yutong – Қытайда автобус пен арнайы техника шығаратын әлемдік брендтердің бірі. Оның өнімдері әлемдік нарықтың 10 пайызын қамтиды. Оның ішінде Қазақстанда да танымал. 

Yutong брендінің көліктерін Қазақстанның Саран қаласындағы QazTehna зауыты өндіреді. Зауыт 2019 жылы ашылып, өндірісі 2020 жылдан басталған. 

 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз