USD: 486.1 / 488.7
  • EUR: 555.5 / 560.5
  • RUB: 6.25 / 6.37
Тікелей эфир
Алматы +32C
Все города

Ақтөбе облысында бір дастарханда 100-ден астам адам уланды: Қылмыстық іс қозғалды

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Олардың 34-інен сальмонеллез диагнозы анықталған.

Ақтөбе облысының Қандыағаш қаласында өткен банкеттен кейін 102 адамның жаппай улану фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлады.

Құқық қорғау органдары Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 304-бабы – "Санитариялық қағидаларды немесе гигиеналық нормативтерді бұзу" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Полицияның мәліметінше, қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық әрі объективті анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

"Сотқа дейінгі тергеп-тексеру нәтижесі бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес процессуалдық шешім қабылданады", – делінген полиция хабарламасында.

Алғашқы адамдар медициналық көмек сұрап, 19 маусым күні жүгінген. Жалпы 102 адам өздерін жайсыз сезінгенін айтқан. Олардың 34-інен сальмонеллез диагнозы анықталған.

Анықталғандай, зардап шеккендердің барлығы Қандыағаштағы "Тұмар" мейрамханасында өткен банкетке қатысқан.

Қазіргі уақытта өңірдің денсаулық сақтау басқармасы эпидемиологиялық тексеру жүргізіп, жаппай уланудың себептерін анықтап жатыр.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз