USD: 487.7 / 490.7
  • EUR: 568.0 / 573.0
  • RUB: 6.45 / 6.57
Тікелей эфир
Алматы +25C
Все города

"Бір тиын да қайтқан жоқ". Жарнамаға сеніп, арзан турға қызыққан ақтөбеліктер сан соғып қалды

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Туристік компания басшысы ақша қайтарып жатқанын айтты, тұрғындар сенбейді.

Ақтөбеде туристік компанияға алдандық деген тұрғындар шу шығарды. Олардың айтуынша, әлеуметтік желідегі жарнамаға сеніп, шетелге арзан тур сатып алғанымен, уәде етілген сапарлар жүзеге аспаған, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Зардап шеккендердің бірі Гауһар Маратқызы мамыр айында Үндістанға аттануға тиіс болған. Оның сөзіне қарағанда, турдың ақшасы толық төленгенімен, сапарға бірнеше күн қалғанда компания өкілдері турдың тоқтатылғанын хабарлаған.

"Сіздің турыңыз болмайтын болды. Ақшаңызды қайтарайық па, әлде басқа тур ұсынайық па деді. Мен ақшамды қайтарыңыз дедім. Содан кейін ешқандай жауап болмады. Бірде-бір тиын қайтарылған жоқ", – дейді ол.

Туристік компания қызметіне наразылық білдірген тұрғындар Түркия, Малайзия, Қытай және Еуропа елдеріне демалуға баруды жоспарлағандарын айтады. Қазір олар ақшаларын қайтарып беруді және компания қызметін тоқтатуды талап етуде.

"Біздің талабымыз – тур агенттігін жабу және ақшамызды қайтару", – дейді ақтөбелік Ақниет Нұрмұхаммедова.

Ақтөбе облыстық полиция департаменті аталған факті бойынша "Алаяқтық" бабы негізінде қылмыстық іс қозғап, тергеу жұмыстарын бастаған.

Ал туристік компания директоры Еркебұлан Аймұратов клиенттердің қаражаты кезең-кезеңімен қайтарылып жатқанын мәлімдеді. Оның айтуынша, мамыр айында WhatsApp пен Instagram желілеріндегі ақаулар салдарынан клиенттермен байланыс үзілген.

"Қазір барлығына ақшаларын қайтарып жатырмыз. Кейбіріне толық, кейбіріне 50 пайыз төленді. 10 маусымға дейін барлық мәселені шешуге келістік. Бүгінде шамамен 10 миллион теңге қайтарылды", – деді компания басшысы.

Тұрғындардың айтуынша, зардап шеккендердің саны жүзге жуықтайды. Олардың арасында Ақтөбе тұрғындарымен қатар Атырау, Орал және Алматы қалаларының тұрғындары да бар.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз