USD: 461.7 / 464.3
  • EUR: 533.5 / 538.5
  • RUB: 5.23 / 5.35
Толығырақ
Тікелей эфир
Алматы +29C
Все города

Ақтауда үздік шұбат өндіруші су жаңа көлік мінеді

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Қалада түйе сүтінен жасалған түрлі өнімдер байқауы өтеді.

29 тамызда Ақтауда "Shubat Fest-2026" ұлттық шұбат фестивалі өтеді, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі

Фестиваль аясында үздік шұбат өндірушісін анықтайтын негізгі байқау өтсе, одан бөлек түйе сүтінен жасалған құрт, балқаймақ, десерт, балмұздақ және түйе сүті қосылған кофе мен коктейль сияқты өнімдер бойынша арнайы номинациялар ұйымдастырылады. 

Байқауға түйе шаруашылығы өнімдерін өндіретін жеке және заңды тұлғалар, шаруа және фермер қожалықтары қатыса алады. Финалға 20 қатысушы іріктеледі. Олардың шұбат үлгілері сапа мен қауіпсіздік көрсеткіштерін анықтау үшін тәуелсіз аккредиттелген зертханаға жіберіледі. Өнімнің физикалық-химиялық және микробиологиялық көрсеткіштері, дәмі, консистенциясы, хош иісі мен ұсынылуы бағаланады. 

Байқау жүлдегерлеріне 1 млн, 700 мың және 500 мың теңге көлемінде ақшалай сыйлықтар қарастырылған. Ал Гран-при иегеріне автокөлік табысталады. 

"Арнайы номинациялар бойынша да ақшалай жүлделер беріледі. Фестивальдің финалдық бағдарламасында гала-концерт өткізіліп, танымал эстрада жұлдыздарының өнер көрсетуі жоспарланған. Сонымен қатар халықтық дауыс беру ұйымдастырылады. Ұйымдастырушылардың болжамынша, шараға 20-25 мың көрермен қатысады", – делінген хабарламада. 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау