USD: 470.5 / 473.3
  • EUR: 548.0 / 553.0
  • RUB: 6.35 / 6.47
Тікелей эфир
Алматы +19C
Все города

Ақтау әуежайында 114 есірткі капсуласын жұтып алған шетел азаматы ұсталды

Фото: ҰҚК
Фото: ҰҚК
Астана әуежайында 12 келі гашиш майымен жолаушы ұсталды.

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстанда есірткі жеткізу арналарына қарсы ауқымды операция жүргізілгенін хабарлады.

Ведомство мәліметінше, биыл сәуір айынан бері 9 халықаралық және екі өңірлік есірткі арнасы жойылып, бір фитозертхананың қызметі тоқтатылған.

"Ақтау қаласының әуежайында шетелдік азаматтың денесіне жасырып өткізбек болған жалпы салмағы 1 келі болатын 114 апиын капсуласы тәркіленді. Ал Астана әуежайында Оңтүстік Азия елдерінің бірінен 12 келі гашиш майын алып келген қазақстандық ұсталған", – делінген хабарламада.

Сонымен қатар құқық қорғау органдары "көкнәр сабанын" контрабандалық жолмен тасымалдап, оны тарату және есірткі өндірумен айналысты деген күдікке ілінген ұйымдасқан қылмыстық топтың әрекетін тоқтатты.

ҰҚК мәліметінше, операция барысында:

  • 3,4 кг апиын;
  • 9 кг гашиш;
  • 11,4 кг синтетикалық есірткі;
  • 18,5 кг гашиш майы;
  • 26,4 кг марихуана;
  • 110 грамм кокаин;
  • 20 тонна көкнәр сабаны;
  • 150 литрден астам прекурсор тәркіленген.

Аталған құқық бұзушылықтарға қатысы бар деген күдікпен 23 қазақстандық және үш шетел азаматы ұсталды. Қазіргі уақытта барлық дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз