USD: 468.1 / 470.9
  • EUR: 547.0 / 552.0
  • RUB: 6.23 / 6.35
Тікелей эфир
Алматы +13C
Все города

Семей тұрғыны гаражын есірткі қоймасына айналдырған: ІІМ 154 келі марихуана тәркіледі

Фото: Рolisia.kz
Фото: Рolisia.kz
Оңтүстіктен жеткізілген есірткі Семейде тәркіленді.

Семей қаласында елдің оңтүстік өңірлерінен жеткізілген каннабис тобына жататын есірткі арнасы анықталды, деп хабарлайды ПД баспасөз қызметі.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, жедел-іздестіру және тінту шаралары барысында 35 жастағы жергілікті тұрғынның гаражынан жалпы салмағы 154 келі болатын аса ірі көлемдегі марихуана тәркіленген.

Тергеу нұсқасына сәйкес, есірткі заттары Абай облысы аумағында тарату мақсатында арнайы целлофан қаптамаларға оралған.

Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Құқық қорғау органдары есірткінің заңсыз айналымына қатысы бар өзге де күдіктілерді анықтап, ұстау жұмыстарын жалғастырып жатыр.

ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті басқармасының бастығы Бақытжан Әмірханов күдіктінің уақытша ұстау изоляторына қамалғанын хабарлады.

"Есірткі жеткізу арналарын ұйымдастырудың кез келген әрекеті қатаң түрде тоқтатылады. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр", – деді ол.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз