Астанада Қазақстан мен АҚШ арасындағы мәдени байланыстардың тереңдігін тағы бір мәрте айқындаған маңызды жайт болды. Жаңартылған Наурызнама мерекесі аясында АҚШ елшісі Джули Стаффт Астанадағы танымал тележүргізуші әрі дизайнер Динара Сәтжанның "Dinara Satzhan Fashion Group" дүкеніне келген.
Дипломат үшін бұл – шоурумындағы жәй ғана шопинг емес, тарихқа терең бойлай алған ерекше сәт болған. Стаффт ханым алатын киімін таңдап қана қоймай, әрбір тігісінің мәніне үңілген. Әрбір сызығы - дала тарихы, қазақтың жады мен болмысының заманауи белгісіндей көрінетін символдардан құдды бір пазл құрастырғандай ұлттық ою-өрнектердің мағынасы туралы да қызыға сұрапты. Ерекше қызығушылықпен таңдауы да әдемі киімге түсті: түйе жүнінен жасалған Jadagai брендінің шапаны.
Жылдам шешім қабылдауға машықтанған іскер адамның таңдауы бірден көрінеді. Мұндай киімдер мұражай сөрелері үшін емес, күнделікті өмірде жарқырап киіп жүруге арналған. Кездесулерге арналған, күнделікті жұмысқа киюге де болатын брендті таңдағаны да сондықтан.
Айтпақшы, елші ханым дүкен қызметкерлерімен қазақ тілінде сөйлесіп, сонда болған адамдардың қызығушылығын тудырыпты. Дүкен иесі Динара Сәтжан да ерекше қонағына құрметін білдіріп, ағылшын тілінде сөйлесіпті.
Джули Стаффт дүкендегі түрлі көздің жауын алатын қазақы нақыштағы киім үлгілерінен үлкен әсер алды ма екен, киімдердің тек эстетикалық сұлулығын ғана емес, олардың мәдени маңызын да жоғары бағалағандай.
Шоурум иесі, әрі қазақстандық сән әлемінің нәзік жол көрсетушісі Динара Сәтжан жоғары мәртебелі қонақтарда сирек кездесетін қасиет — шынайы қызығушылықты осы қонағынан байқағанын атап өтті.
Стаффт отандық 30 дизайнердің топтамасын мұқият қарап шыққан. Ең қызығы, әрі маңыздысы ол таңдаған образдарының басым бөлігі елшінің жеке стилімен әдемі үйлесім тапқан. Кетерінде Стаффт Наурыз мейрамын жаңа образда қарсы алатынын айтып, уәде беріп кеткен.
USD:
479.7 / 482.5
EUR:
553.0 / 558.0
RUB:
5.61 / 5.81

