Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақмарал Әлназарованы денсаулық сақтау министрі етіп қайта тағайындады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Ақмарал Шәріпбайқызы Әлназарова Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі лауазымына тағайындалды", – делінген ресми хабарламада.
2024 жылғы ақпанда Сенат депутаты Ақмарал Әлназарова Денсаулық сақтау министрі болып тағайындалды. Ол 1971 жылы дүниеге келген. Алматы мемлекеттік медицина институтын "педиатрия" мамандығы бойынша, Қорқыт Ата атындағы университетті "экономист" мамандығы бойынша тәмамдаған. Медицина ғылымдарының докторы.
Еңбек жолын Қызылорда қалалық балалар ауруханасының қабылдау бөлімінің дәрігері болып бастаған.
Жұлдыз Сүлейменова оқу-ағарту министрі қызметін жалғастырады
Жаслан Мәдиев премьер-министрдің орынбасары – ЖИ министрі болып қайта тағайындалды