Аптасына үш рет: Алматы мен Шанхай арасында жаңа әуе рейсі ашылады

Фото: Аirastana.com
Фото: Аirastana.com
Рейстер аптасына үш рет – сейсенбі, бейсенбі және жексенбі күндері жүзеге асырылады.

Air Astana әуе компаниясы Алматы – Шанхай бағытында тікелей рейстер ашады, деп хабарлайды ҚР Көлік министрлігінің баспасөз қызметі.

Көлік министрлігі ұшу географиясын кеңейту және қолданыстағы бағыттар бойынша рейстер санын арттыру жұмыстарын жалғастырып жатыр.

"2026 жылғы 29 наурыздан бастап Air Astana әуе компаниясы Алматы – Шанхай бағыты бойынша тұрақты әуе рейстерін орындай бастайды. Рейстер аптасына үш рет – сейсенбі, бейсенбі және жексенбі күндері жүзеге асырылады. Жаңа бағыттың іске қосылуы нәтижесінде Қазақстан мен Қытай арасындағы әуе рейстерінің жалпы саны аптасына 81-ден 84-ке дейін артады", – делінген хабарламада.

Мамандардың айтуынша, бұл бастама екі ел арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды нығайтып, іскерлік және туристік ынтымақтастықтың одан әрі дамуына серпін береді.

 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз