Өткен аптада Қазақстанның 18 жасқа дейінгі бірінші ракеткасы, жасөспірімдер рейтингіндегі әлемнің он алтыншы ракеткасы Амир Омарханов ITF j300 Beijing 2024 China Open беделді жасөспірімдер турнирінің финалында Британдық Оливер Бондингті (19 ITF Juniors) жеңді, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы.
– Амир, сізді ITF Juniors аясындағы алтыншы титулыңызбен құттықтаймыз. Бейжіңдегі жарыстың финалында сіз бірінші сетте жеңіліп қалдыңыз, бірақ содан кейін екі партияны жеңіп, матчты өз пайдаңызға аяқтадыңыз. Ойынның барысын не өзгертті?
– Менің ойымша, бірінші сетті өте жақсы ойнадық, бір жерде өз мүмкіндіктерімді пайдалана алмадым, бірақ мұндай нәрсе теннисте болып тұрады. Екінші партияға шығып, мен бәрін дұрыс істеп жатқанымды білдім, маған көбірек ойынға назар аудару және агрессивті болу керек еді, сол кезде бәрі ойдағыдай болатын еді және солай болды да. Мен агрессивті ойнай бастадым, қарсыласым сәл физикалық тұрғыда отырып қалды және менде жақсы энергия болды, сондықтан мен екінші және үшінші сетте жеңіске жете алдым.
– Алда Қазақстанда өтетін турнир бар. Бұл жасөспірімдер емес, ересектер арасындағы жарыс – ATP 250 Almaty Open. Турнирден қандай үміттер бар?
– АТР турнирін ойнау, әрі өз елімде ойнау – бұл мен үшін өзімді туған жұртшылықтың алдында көрсетудің керемет мүмкіндігі. Wild card ұсынған Қазақстан теннис федерациясының президенті Болат Өтемұратовқа үлкен рахмет айтқым келеді. Өз жерімде жанкүйерлерімнің алдында ойнау туралы ойласам, шынымды айтсам, қазір менде сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес эмоциялар бар. Турнирдің басталуын асыға күтемін, енді назарымды және дайындықты АТР-ға ауыстырамын. Басты мақсат – Алматыда жақсы ойнап, бар күшімді салу.
– Алматыдағы АТР-дан кейін тағы қандай турнирлерде ойнайсыз?
– Кореядағы ITF J 300 санатындағы жасөспірімдер турниріне қатысуды жоспарлап отырмын.
Beeline Janymda. Қазақстанда ең кең таралған мобильді интернет.