Досхан Исмағұловтың жұбайы бір жыл бұрын жүрек талмасынан қайтыс болған.
Алты баласын жалғыз өзі асырап отырған Досхан Исмағұлов әкелерге де үкіметтен көмек берілуін сұрайды. Ол балаларымен бірге Нұр-Сұлтан іргесіндегі саяжайлардың бірінде тұрады. Балалардың үлкені 8 де, ең кішісі әлі екіге де толмаған егіздер, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.
Қазақстанда "алтын" мен "күміс" алқа тек аналарға тиесілі. Бұл алқалармен марапатталған көп балалы әйелдер салықтан босатылады, үй алуда жеңілдіктер қарастырлады, зейнетке ерте шығады және 28 айлық есептік көрсеткішке дейін жәрдемақы төленеді.
Әйелінен ерте айырылған Досхан Исмағұлов жұбайының көзі тірісінде күміс алқаны алып үлгермегенін айтады. Ендігі тапқан табысы балабақша мен балалардың керек-жарағынан артылмайды.
"Балаларға қарауға анам көмектеседі. Менде баспана мәселесі бар. Әйелім тірі болғанда алқа алып, соған лайық жәрдемақылар мен жеңілдіктерді иеленер еді. Бірақ, анасының қайтыс болғанына балалардың кінәсі жоқ қой", – дейді Досхан Исмағұлов.
Оқи отырыңыз: "Баласына 15 мың теңгесін қимайды". Алимент өндіру үшін не білу керек?
Досханның анасы, 67 жастағы Бәтима апаның сөзінше, келінінің жүрегі ауыратынына байланысты егіз балаларды босануға дәрігерлер тыйым салған. Дегенмен, ол балаларды аман-есен дүниеге әкеліп, оларға 7 айға толғанда дүние салған. Ал құзырлы мекемелер "күміс алқа" егіздер бір жасқа толғаннан кейін ғана берілетінін айтыпты.
Заң бойынша алтын, күміс алқа тек әйелдерге ғана қарастырылған.
"Тиісті заңның 6-тармағына сәйкес "Алтын алқа" және "Күміс алқа" наградалары тек қана аналарға беріледі. Мұндай марапат, өкінішке орай, әкелерге берілмейді", – дейді Нұр-Сұлтан қаласы Есіл ауданы әкімінің аппарат басшысы Бақытжан Жүнісбеков.
Осыған байланысты көпбалалы әке Досхан Исмағұлов заңға өзгерістер енгізуді сұрайды.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1📣 Республикалық "Үздік педагог" байқауына енді жекеменшік мектеп мұғалімдері де қатыса алады
-
212
-
0
-
0
-
-
2🐻Шымкенттегі зообақта қонжық дүниеге келді
-
196
-
0
-
3
-
-
3🌊 Каспий теңізі арқылы есірткі тасымалдап жүргендер ұсталды
-
181
-
0
-
0
-
-
4⚡️Елена Рыбакина АҚШ-тағы WTA 1000 турнирінің финалына шықты!
-
180
-
0
-
3
-
-
5ҰҚК шекара қызметіне 150 адам әскери жиындарға шақырылады 🫡
-
162
-
0
-
0
-
-
6📉 Алматы облысында тауарлық газ тарифі төмендетілді
-
161
-
0
-
0
-
-
7📣 1 сәуірде жүлдеге Ұмра қажылығына жолдама беретін мүшәйраға өтінім қабылдау басталады
-
148
-
0
-
0
-
-
8💸 Қазақстанда азық-түлік қымбаттады
-
122
-
0
-
0
-
-
9📣 Қандастар мен шетел азаматтарына арналған оқу грантына құжат қабылдау басталды
-
70
-
1
-
0
-
-
10❕ Қазақстанда жыл басынан бері мыңнан аса еңбек заңнамасы бұзылған
-
25
-
0
-
0
-