Пессимистік сценарий бойынша тәулігіне 3 800 жағдай тіркеледі.
Алматы қаласында өзіне жұмыс істейтін және жұмыссыздар арасында коронавирус жұқтыру 9,3% ұлғайды, деп мәлімдеді қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы, қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері Қарлығаш Әбдіжаббарова.
"Қалада коронавирус таралуының кезекті шарықтау шегі наурыз айында болады. Оптимистік сценарийге сәйкес, наурыз айының ортасында тәулігіне 2500 жағдай, ал пессимистік сценарий бойынша тәулігіне 3 800 жағдай тіркеледі. Сондай-ақ, адамдардың қандай форматта жұмыс істейтініне байланысты ауру жұқтыру деңгейіне талдау жүргіздік. Ол өзіне жұмыс істейтіндер мен жұмыс істемейтіндер арасында коронавирус жұқтыру 31%-дан 40,3%-ға дейін ұлғайғанын көрсетіп отыр", – деді Қарлығаш Әбдіжаббарова.
Оқи отырыңыз:
- Алматыда 20-40 жастағылар арасында коронавирус жұқтыру 16,4% артты
- Караоке, цирк, түнгі клубтар жұмысы тоқтайды. Алматыда "Омикронға" байланысты тағы қандай шектеулер енгізілді
Ұйымдар, ЖШС, ЖК қызметкерлері арасында жұқтыру 26% деңгейінде қалыпты қалған. Сондай-ақ, зейнеткерлер арасында 15%-дан 12%-ға дейін, балалар арасында 4,6%-дан 3,5%-ға дейін төмендегені байқалады.
"Әлемнің жетекші ғалымдары мен сарапшыларының деректері бойынша, қолданыстағы вакциналармен ревакцинация "Омикрон" штамы әсерінен болатын ауырсынудан 70% қорғайды. Бүгінгі күні Алматы қаласында КВИ-ге қарсы иммундық қабат шамамен 60%-ды құрайды. Дәлірек екпе салдырғандар – 51,3% және коронавируспен ауырып шыққандар – 8,2%. Бірақ бұл әлі де жеткіліксіз болып отыр. Осыған байланысты, азаматтар екпе салдырып, ал вакцина алғандары 6 айдан кейін ревакцинациялануы қажет", – деді Қарлығаш Әбдіжаббарова.
Еске салсақ, Алматы қаласында 20-40 жастағылар арасында коронавирус жұқтырудың 16,4% артқаны туралы хабарлаған едік.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1📈 Үкімет қаулысы: 1 шілдеден кейбір әлеуметтік төлемдер мөлшері өседі
-
383
-
0
-
0
-
-
2🤝 Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайып Ердоғанды президент сайлауындағы жеңісімен құттықтады
-
357
-
0
-
0
-
-
3🚆 Астанаға пойызбен келген жолаушылар Бурабай мен Баянауылға қалай жете алады?
-
357
-
0
-
1
-
-
4💵 2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап студенттер қанша теңге стипендия алады? Жаңа нұсқа
-
338
-
0
-
0
-
-
5👨👩👧👦 Жетім баланы асырап алғандарға бір реттік төлем жасалады. Қандай құжаттар керек?
-
327
-
0
-
0
-
-
6🏙⛔️ "Аралда қалған сияқтымыз". Түркістан облысындағы атаусыз қалған ауылда су, жарық және жол мәселесі шешілмеген
-
303
-
0
-
0
-
-
7☪️ Тоқаев: Салт-дәстүрмен тығыз сабақтасқан дәстүрлі исламды қадірлеу өте маңызды
-
317
-
0
-
0
-
-
8👵🧓 2023 жылғы 1 шілдеден бастап зейнеткерлер өз жинағын түгел пайдалана алады
-
286
-
0
-
0
-
-
9🐏 Қазақша рекорд: Қошқарды 3555 рет көтерген Арыс тұрғыны Қазақстан рекордтар кітабына енді
-
277
-
1
-
2
-
-
10🎪Ерекше қажеттілігі бар адамдар қандай мәдени іс-шараға тегін кіре алады?
-
281
-
0
-
0
-