Алматыда 9 қазаннан бастап әлеуметтік нысандарға жылу беріледі.
Бірінші кезекте орталық жылу жүйесіне балабақшалар, мектептер мен медициналық мекемелер қосылады. Бұл туралы қаланың энергетика және сумен қамту басқармасы хабарлады.
Ал тұрғын үйлер орталық жылу жүйесіне 10 қазаннан бастап қосылады.
Басқарма өкілдері ауа райының күрт суытуына байланысты әкім Дархан Сатыбалдының жылу беру маусымын әдеттегіден ертерек бастау туралы шешім қабылдағанын түсіндірді.
"Жылу берілгеннен кейін КСК және МИБ мамандары үйлердің ішіндегі жылу жүйелерін реттейді. Олар радиаторлар мен жылу құбырларындағы ауаны шығарып, қысымды реттеп, пәтерлердің біркелкі жылуын қамтамасыз етеді", – делінген хабарламада.
Алдағы жылыту маусымында "Алматы жылу желілері" ЖШС-нің 16 апаттық және жөндеу бригадасы кезекшілік етеді. Барлығы 220 маман және 56 арнайы техника жұмылдырылады.
Жаңбыр мен қар жауып, жел күшейеді: 6 қазанға арналған ауа райы болжамы
Қазақстандықтарға жылу ақысы үшін 1,2 млрд теңгеден астам ақша қайтарылады