Жаңбыр мен қар жауып, жел күшейеді: 6 қазанға арналған ауа райы болжамы

Фото: depositphotos.com
Фото: depositphotos.com
Атырау облысында жоғары өрт қаупі, ал облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Қазгидромет 6 қазанда бірнеше өңірде дауылды ескерту жариялады. Бірқатар облыста жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ, тұман және қатты жел күтіледі.

Қарағанды облысында облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында жаңбыр мен қар жауады. Жолдарда көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 23-28 м/с-қа жетеді. Қарағандыда желдің екпіні күндіз 25 м/с-қа дейін күшейеді.

Ақмола облысында жаңбыр мен қар күтіледі. Түнде облыстың солтүстігі мен шығысында қатты жауын-шашын болады. Кей жерлерде жаяу бұрқасын, көктайғақ және тұман күтіледі. Желдің екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с-қа жетеді.

Павлодар облысында түнде облыстың батысы мен солтүстігінде, күндіз өңірдің басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауады. Жаяу бұрқасын мен көктайғақ күтіледі. Солтүстік пен шығыста қатты жауын-шашын болуы мүмкін. Желдің екпіні күндіз 23-28 м/с-қа дейін күшейеді. Павлодарда да күндіз жаңбыр мен қар, жаяу бұрқасын және көктайғақ күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысында жаңбыр мен қар, жаяу бұрқасын және көктайғақ болжанады. Желдің екпіні өңірдің оңтүстігі мен шығысында 23-28 м/с-қа дейін жетеді. Петропавлда да жауын-шашын, жаяу бұрқасын және көктайғақ күтіледі.

Қостанай облысында түнде қар, жаяу бұрқасын және көктайғақ болады. Күндіз облыстың солтүстігі, шығысы және оңтүстігінде жаңбыр мен қар жауады. Желдің екпіні 15-20 м/с болады. Қостанайда түнде және таңертең қар, жаяу бұрқасын және көктайғақ күтіледі.

Абай облысында түнде өңірдің батысында, солтүстігінде және шығысында жаңбыр қарға ұласады. Желдің екпіні 23-28 м/с, кей жерлерде 30 м/с және одан да жоғары болуы мүмкін. Ауа температурасы түнде 1-6 градусқа дейін төмендейді.

Жетісу облысының таулы аудандарында жаңбыр мен қар, түнде кей уақыттарда қатты жауын-шашын күтіледі. Түнде және таңертең тұман болады. Алакөл көлдері ауданында желдің екпіні 23-28 м/с-қа жетеді. Түнде өңірдің батысы мен солтүстігінде 2 градусқа дейін үсік күтіледі.

Алматы облысының шығысы мен оңтүстік-шығысында түнде жаңбыр мен қар жауады. Таулы аудандарда түнде және таңертең тұман түседі. Желдің екпіні 15 м/с-қа дейін жетеді. Түнде облыстың солтүстігінде 1 градусқа дейін үсік күтіледі.

Астана қаласында 6 қазанда кей уақыттарда жаңбыр мен қар жауады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с, түнде және таңертең кей уақыттарда 23-28 м/с болады.

Қызылорда облысында күндіз батыс, солтүстік және орталық аудандарда шаңды дауыл күтіледі. Желдің екпіні 15-20 м/с болады. Түнде облыстың солтүстігінде 2 градусқа дейін үсік күтіледі. Өңірде төтенше өрт қаупі сақталады.

Ұлытау облысында түнде солтүстік пен шығыста жаңбыр және қар жауады. Желдің екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с-қа дейін күшейеді. Облыстың батысы, орталығы және оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе облысының солтүстік-шығысында түнде жаңбыр мен қар, көктайғақ күтіледі. Батысы мен солтүстігінде түнде және таңертең тұман болады. Желдің екпіні 15-18 м/с-қа жетеді. Өңірдің бірнеше ауданында жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысында түнде шығыс және таулы аудандарда жаңбыр мен қар, көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең тұман түседі. Өскеменде оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20, күндіз кей уақытта 23 м/с болады.

Түркістан облысында түнде және таңертең батыс, солтүстік, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда тұман күтіледі. Таулы аудандарда желдің екпіні 15-20 м/с болады. Түнде таулы аудандарда 1 градусқа дейін үсік күтіледі.

Жамбыл облысының шығысы мен таулы аудандарында түнде жаңбыр мен қар жауады. Таулы аудандарда тұман болады. Желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Түнде таулы аудандарда 2 градусқа дейін үсік күтіледі.

Батыс Қазақстан облысында түнде және таңертең солтүстік пен шығыста тұман күтіледі. Өңірдің оңтүстігі мен шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Оралда да түнде және таңертең тұман болады.

Маңғыстау облысында батыс және орталық аудандарда жоғары өрт қаупі сақталады. Ақтауда да жоғары өрт қаупі бар.

Атырау облысында жоғары өрт қаупі, ал облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Атырау қаласында да төтенше өрт қаупі болады.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау