Іс-шара қаладағы қоғамдық ұйымдардың бастамасымен ұйымдастырылып отыр.
Алматыда 22 сәуірде алғаш рет Almaty Clean&Green жалпықалалық сенбілігі өтеді. Акция барысында 5 мыңға жуық ағаш отырғызу жоспарлануда. Алматы әкімдігі қатысушыларға қажетті құралдар (қолғап, қап, күрек, тырма), мен көшеттерді таратады. Сондай-ақ, ауыз су және тамақпен қамтамасыз етеді.
Сенбілік кезінде мәдени іс-шаралар мен ойын-сауық бағдарламасы жоспарланған. Барлық қатысушылар үшін 15 минуттық таңертеңгілік жаттығу, йога және зумба биі ұйымдастырылды. Сенбілік соңында экологиялық тақырыптағы викторина өткізіліп, бағалы сыйлықтар ұтысқа түседі.
Сенбілік өтетін мекен-жайлар:
- Баум тоғайы (Түрксіб ауданы). Ұйымдастырушы - ECONETWORK қоғамдық қозғалысы. Мерекелік іс-шараға ҚР еңбек сіңірген қайраткері Мұрат Мұтұрғанов, ақын, философ, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Мұратхан Шоқан, «Музарт» тобының солисі Кенжебек Жанәбілов, әнші Қаракөз Сүлейменова қатысады. Сондай-ақ, сенбілік кезінде "Джулия" театрлық мюзиклінің актерлері "А-Студио" тобының әндерін орындайды. Көше өнерінің танымал суретшілерінен граффити жасау бойынша шеберлік сыныптары өтеді.
- "Желтоқсан-86" саябағы (Түрксіб ауданы). Ұйымдастырушы - "Posadiderevo.kz" ҮЕҰ. Мерекелік іс-шараға "Жігіттер" тобының солисі Ердос Қанаев, ҚР еңбек сіңірген әртісі Бақтияр Тайлақбаев, әнші Мөлдір Әуелбекова, Мақсат Базарбаев қатысады.
- Көкжиек ш/а, 32 үйдің жанында (Жетісу ауданы). Ұйымдастырушы - Қазақстан көгалдандырушылар қоғамдастығы. Мерекелік іс-шараға Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Амантай Берғалиев, "Жігіттер" тобының солисі Бағлан Әбдірайымов, әнші Абай Бегей қатысады.
- Кіші Алматы өзені, «Алатау балалар санаторийі» аялдамасының арты (Медеу ауданы). Ұйымдастырушы - Спорттық туристер достастығы. Амбассадорлар: әнші Асхат Тарғын, әнші Нұрсұлтан Нұрбердиев, актер Бақыт Тушаев.
Аудан әкімдіктерінде де сенбілік өтеді.
Медеу ауданында:
- Алатау ш/а Ибрагимов көшесі бойымен (қала шекарасынан "Инновациялық технологиялар паркі" шекарасына дейін)
- Кіші Алматы өзенінің жағалауы ("AB" мейрамханасынан Митин көшесіне дейін)
- Думан-3 шағын ауданындағы тау бөктері.
Әуезов ауданында:
- Алтынсарин даңғылы Жандосов көшесінен Қабдолов көшесіне дейін;
- Момышұлы көшесі Шаляпиннен Райымбек даңғылына дейін;
Жұбанов көшесі Момышұлынан Садовников көшесіне дейін;
Алатау ауданында:
- Дарабоз ш/а, 45 ;
- Үлкен Алматы өзенінің жағалауы, Рысқұловтан Райымбек даңғылына дейін;
- Қарасу ш/а сквері, Қарасу көлі;
Оқи отырыңыз: Мұғалімдер еден жуып, сенбілікке қатысқан: Жүзге жуық әкімшілік іс қозғалды
Алмалы ауданында:
- Сайран көлінің шығыс жағалауы (кіру Төле би көшесі жағынан);
- Үлкен Алматы өзенінің жағалауы Төле биден Райымбек даңғылына дейін;
- "АЗТМ" сквері Төле би бойымен Жароков көшесінің бұрышына дейін;
Бостандық ауданында:
- Гагарин бульвары, Абайдан Жандосов көшесіне дейін;
- әл-Фараби сквері Сырғабеков көшесінің бұрышы;
- Дружба саябағы Есентай өзенінің жағалауы әл-Фарабиден Тимирязев көшесіне дейін.
Наурызбай ауданында:
- Райымбек даңғылындағы бос жатқан учаске (Алатау көшесінің батысы),
- Тарғап көшесінің солтүстігіндегі бос жатқан учаске,
- Дала көшесі (жатақхана артындағы бос жатқан учаске).
Түрксіб ауданында:
- С.Сейфуллин атындағы саябақ
Жетісу ауданында:
- Солтүстік айналма, 87/7 үйдің жанында
- Айнабұлақ – 4 ш/а
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1😱 10 жылға сотталған Серік Күдебаев апелляциялық шағым түсірді
-
270
-
0
-
2
-
-
2🤑 Абай облысында таныстарын 21 млн теңгеге сан соқтырған алаяқ ұсталды
-
271
-
0
-
0
-
-
3💸 KEGOC акциялары SPO-ға шығады
-
264
-
0
-
2
-
-
4🇰🇿 Тоқаев ЕҚЫҰ басшысына: Бізді ұйымның рөлі туралы пікірлер қайшылығы алаңдатады
-
276
-
0
-
0
-
-
5🛍 "Кел де ала бер". Түркістан облысында мұқтаж жандарға арналған тегін дүкен ашылды
-
303
-
0
-
3
-
-
6🪖 "Барлық мәселе тәрбиеде": Қорғаныс министрі әскердегі әлімжеттік пен суицид туралы
-
328
-
0
-
0
-
-
7🚉Пойыз кешіккен жағдайда төленетін өтемақы мөлшері қандай?
-
293
-
0
-
0
-
-
8😍 ЮНЕСКО: "Ортеке" музыкалық-қуыршақ өнері материалдық емес мәдени мұралар тізіміне енді
-
293
-
0
-
0
-
-
9😱 Алтай Көлгінов премьер-министрдің орынбасары лауазымынан босатылды
-
298
-
0
-
0
-
-
10🏝 Павлодар облысы әкімінің бұрынғы резиденциясы мемлекет меншігіне қайтарылады
-
278
-
0
-
0
-