Мұндай жеңілдік 1 маусымнан бастап жасалады.
Маусым айынан бастап "Қызылорда тазалығы" мекемесінің жұмысшылары өз қаласында қоғамдық көлікте тегін жүреді. Бұл туралы облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев мәлімдеді.
Қызылорда қаласының тұрғыны Гүлайым Қарғабаева облыс әкімінен қоғамдық көлікпен қатынауға байланысты көмек сұрады. Айтуынша, 18 жылдан бері "Қызылорда тазалығы" кәсіпкерлігінде қызмет етіп келеді.
Нұрлыбек Нәлібаев қала әкімі Асылбек Шәменовке тапсырма беріп, "Қызылорда тазалығы" жұмысшыларының еңбегі еленуі тиіс екенін айтты.
Оқи отырыңыз: Соғыс және тыл ардагерлері пойызда тегін жүреді
Енді аталған мекеме жұмысшылары маусым айынан бастап қоғамдық көлікпен тегін жүру билетін иеленеді.