Алматыда тамызда дәстүрлі Park Live Almaty фестивалі өтеді

Фото интернеттегі ашық дереккөзден алынды
Фото интернеттегі ашық дереккөзден алынды
Былтыр фестивальге 40 мыңнан астам адам қатысқан болатын.

Алматыда 21-23 тамыз аралығында Park Live Almaty 2026 халықаралық музыка фестивалі өтеді. Биыл фестивальдің басты хедлайнерлері Jack White, Gorillaz және The Offspring болады.

Фестиваль биыл Алматыда үшінші рет ұйымдастырылып, қаланы Орталық Азиядағы ірі музыкалық алаңдардың біріне айналдыруды көздейді. Үш күн ішінде көрермендер әлемдік музыка жұлдыздары мен қазақстандық орындаушылардың концерттерін тамашалай алады. Былтыр Park Live Almaty фестиваліне 40 мыңнан астам адам қатысқан.

Фестиваль бағдарламасына америкалық рок-музыкант Jack White, британдық Gorillaz тобы және Калифорниядан шыққан The Offspring рок-тобы енді. Сонымен қатар сахнаға The Kills, CeeLo Green, De La Soul, Glassjaw, Bloodywood секілді шетелдік әртістер мен топтар шығады. Қазақстандық орындаушылар қатарында DIRTY CTRL, DEQUINE, Порез на Собаке, PIGZ және Kezeñ бар.

Gorillaz 22 тамызда өнер көрсетеді. Ал фестивальдің соңғы күнінде, 23 тамызда, The Offspring сахнаға шығады. Америкалық панк-рок тобы 1990 жылдары жанрдың әлемдік танымалдығын арттырған ұжымдардың бірі саналады. Ал үндістандық Bloodywood өткен жылы Park Live Almaty фестивалінде өнер көрсетіп, биыл The Offspring концерті алдында қайтадан Алматыға келеді.

Фестиваль билетін ресми билет сату алаңдарынан сатып алуға болады. Сондай-ақ, билет ұтып алу мүмкіндігі де қарастырылған. Ол үшін арнайы Telegram ботқа кіріп, ұпай жинау қажет. Жиналған 40 ұпайды ұтыс ойынына қатысу билетіне айырбастауға болады. Билет көп болған сайын фестивальге жолдаманы ұтып алу мүмкіндігі артады. 

Ұйымдастырушылардың айтуынша, фестивальдің басты мақсаты – Алматының фестивальдік мәдениетін дамыту, халықаралық деңгейдегі әртістерді Қазақстанға тарту және елдегі заманауи музыкалық индустрияның дамуына ықпал ету.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау