Алматыда салынып жатқан Orbis Manufacturing зауытында Қытайдың Geely брендіне тиесілі Coolray және Emgrand автокөлік модельдері құрастырылады. Бұған дейін аталған көліктер елімізге тек Қытайдан әкеліп сатылатын. Енді Қазақстан үкіметінің әлемдік брендтерді елімізде жергіліктендіру саясатының аясында бұл көліктер Қазақстанның өзінде құрастырылады.
Атап өтерлігі, көліктің аталған екі моделі де CKD (тұтастай бөлшектеу) технологиясы бойынша құрастырылады.
"G-Motors Kazakhstan компаниясы бірнеше жылдан бері Geely маркасының Қазақстандағы ресми дистрибьюторы болып қызмет атқаруда. Біз брендтің нарықтағы жетістіктерін айқын көріп отырмыз: автомобильдерге деген сұраныс жоғарылады, көлік сату көрсеткіштері тұрақты өсіп келеді. Соған орай, біз дамудың жаңа кезеңіне қадам басып, өндірісті жергіліктендіру туралы шешімге қабылдадық", – деді Orbis Kazakhstan директорлар кеңесінің төрағасы Фаррух Махмудов.
Айта кетейік, Geely Coolray – заманауи технологиялармен жабдықталған ықшам кроссовер болса, Geely Emgrand – кең салоны мен сенімді құрылымымен ерекшеленетін жайлы седан.
Оқи отырыңыз:
Президент Orbis Heavy Machinery техника зауытының жұмысымен танысты
Қытайлық бренд Қазақстандағы көліктерінің бағасын төмендетті. Қанша үнемдеуге болады?
USD:
505.5 / 508.5
EUR:
587.5 / 592.5
RUB:
6.47 / 6.59