USD: 485.7 / 488.3
  • EUR: 553.0 / 558.0
  • RUB: 6.23 / 6.35
Тікелей эфир
Алматы +31C
Все города

Алматыда қолдан жасалған дәрілерді сатумен айналысқан топ әшкереленді

Фото: depositphotos.com
Фото: depositphotos.com
Тәркіленген өнімдер антисанитарлық жағдайда дайындалған.

Алматыда көрші елдерден заңсыз әкелінген дәрі препараттарын дәріханаларда сатқан төрт фармацевтикалық компания анықталды. Олардың заңсыз қызметін Қазақстанның Ішкі істер министрлігі мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті бірлескен арнайы операция барысында тоқтатты, деп хабарлады Polisia.kz.

Тергеу мәліметіне сәйкес, күдіктілер дәрі препараттарын қолдан жасаумен де айналысқан. Оның ішінде психотроптық заттар да бар. Полицейлер бірнеше қойма мен жасырын өндіріс цехын анықтады.

"Контрафактілі өнімдер антисанитарлық жағдайда дайындалғандықтан, азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді. Мұндай препараттарды қолдану адам денсаулығына зиян болуц мүмкін", – делінген хабарламада.

Сондай-ақ заңсыз бизнесті ұйымдастырушыларға қамқорлық көрсетті деген күдікпен Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің өкілдері ұсталды. Олардың әрекеті Қылмыстық кодекстің 366-бабы ("Пара алу") бойынша қаралады.

Тауар айналымы мен қаржы ағындарын талдау арқылы фармацевтикалық компаниялардың көлеңкелі схемалар арқылы жұмыс істегені расталды. Алдын ала мәлімет бойынша, өткен жылы мемлекет бюджетіне 800 миллион теңгеден астам салық пен басқа да міндетті төлемдер түспеген.

Заңсыз айналымнан ірі көлемдегі ақша қаражаты, ондаған мың қаптама жалған дәрі-дәрмек, оның ішінде сатылымы шектелген препараттар, сондай-ақ оларды өндіруге арналған жабдықтар мен шикізат тәркіленді.

Қылмыстық схеманы ұйымдастырушылар мен олардың сыбайластары уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. Құқық қорғау органдары заңсыз әрекетке қатысы бар барлық тұлғаларды және дәрілік препараттарды жеткізу арналарының, соның ішінде шетелден жеткізу жолдарының толық тізбегін анықтап жатыр.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз