Қазақстан бойынша 660 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі жан бар.
Мүмкіндігі шектеулі 100-ге жуық азамат наразылық білдіруге шықты. Айтуларынша, арбаға таңылған, көзі нашар көретін және құлағы нашар еститін адамдарды жұмысқа алмайды. Осы орайда, олар мемлекет тарапынан берілетін жәрдемақының 41% көбеюін талап етті, деп хабарлайды 31-арнаның "Информбюро" бағдарламасы.
Елдің түкпір-түкпірінен келген азаматтар жәрдемақының аздығына шағымданды. Олар ақшаның құнсыздануына байланысты мемлекет тарапынан берілетін қаражатты көтеруді сұрады.
"Жасымыз келіп қалды, оның үстіне мүгедектігіміз бар. Мұндай адамға екі есе ауыр тиеді. Соны депутаттар неге ойламайды? Депутаттар ішінде мүмкіндігі шектеулі азаматтар неге жоқ? Ең болмаса, 5%-ы мүмкіндігі шектеулі азаматтар болғанда жағдай кішкене өзгеретін еді", – деді Нұртай Насирдинов.
Оқи отырыңыз: 8 жаңа оңалту орталығы мүмкіндігі шектеулі балаларға көмекті 42%-ға арттырады
Жиналғандар мүгедектігі бар азаматтардың мүмкіндігін шектеу мәселесін де көтерді. Мысалы, Алматы облысында жеңілдікке ие мүгедектігі бар азамат бұл жеңілдігін өзге өңірде қолдана алмайды.
"Көп жерде пандус жоқ. Көзі көрмейтін азаматтарға арналған жол жоқ. Мүгедектігі бар азаматтар баса алатын қоңырау жоқ. Біз сияқты азаматтарға қолжетімді болса екен. Билік өкілдері мүгедектігі бар азаматтардың жан жарасын тыңдаса екен", – деді Роллан Бименов.
Ал еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің маманы азаматтар айтқан мәселелердің министрлікте көтеріліп жүргенін алға тартты.
Оқи отырыңыз: Қазақстанда көзі нашар көретін балалардың 11 пайызы ғана арнайы оқулықпен қамтылған
"100% коэффициент жоқ. Шынын айтқанда біз оның бәрін байқап жатырмыз. Ақырындап, кезең-кезеңмен шешеміз", – деді еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы Мұрат Мұратбеков.
Қазақстан бойынша 660 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі жан бар. Бүгін оның тек жүзге жуығы ғана келіп, өз ойын білдірді.
Еске салсақ, 24 мыңға жуық мүгедектігі бар азаматқа жәрдемақының жаңа түрі төленетіні туралы хабарлаған едік.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1Үкімет заңсыз шығарылған активтерді мемлекетке қайтару туралы заң жобасын қарады
-
433
-
0
-
5
-
-
2Қазақстанда жаңа туған балаға бірінші ID-код, кейін ЖСН беріледі
-
419
-
0
-
4
-
-
328 қаңтарда Қазақстан әйелдері онкогинеколог тексеруінен тегін өте алады
-
396
-
0
-
4
-
-
4Қаржылық мониторинг агенттігі заңсыз крипто айырбастау пунктерін анықтады
-
396
-
0
-
0
-
-
5Қазақстанда балалар үйінен асырап алған сәбилерді кері қайтару жиіледі
-
407
-
0
-
0
-
-
6Ғылым министрі қандай жағдайда екі университетте қатар оқуға болатынын түсіндірді
-
397
-
0
-
1
-
-
7Оқушылар қорытынды емтиханды ерте тапсыра ала ма?
-
397
-
0
-
3
-
-
8Былтыр Қазақстанда 518 мың тоннадан астам нан пісірілген
-
383
-
0
-
0
-
-
9Тығылмақ ойнаймын деп өзге елден бір-ақ шыққан
-
382
-
1
-
2
-
-
102023 жылы Artsport бағдарламасымен 560 мыңнан астам бала мен жасөспірім қамтылады
-
374
-
2
-
1
-